БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 827 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29797болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне (резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден басқа) еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің еңбек сіңірген жылдарын есептеуді ұйымдастыруды нақтылайды.".
2. "Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда,оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 1177 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31068 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіжауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда,оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларының 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда,оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулықбекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінденемесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда,оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі 2025 жылғы 31 шілдедегі № 934 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022жылғы 7 желтоқсандағы № 1177 бұйрығымен бекітілген |
Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда,оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда,оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші(бұдан әрі – резервтегі әскери адам) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерденемесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін атқаруғабайланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеуді жүзеге асыруды нақтылайды.
2. Өтемақы төлеу бойынша жұмыс:
1) әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда құжаттарды ресімдеуді;
2) әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға немесе әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген жағдайда құжаттарды ресімдеуді;
3) әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда құжаттарды ресімдеуді;
4) әскери қызметшілерге, резервтегі әскери адамдарға немесе әскери міндеттілерге, сондай-ақ олардың өтемақы алуға құқығы бар мұрагерлеріне өтемақы төлеуді қамтиды.
3. Өтемақы алу үшін қажетті құжаттар тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органына (бұдан әрі – ЖӘБО) немесе әскери бөлімдерге (мекемелерге) ұсынылады.
4. ЖӘБО немесе әскери бөлімдер (мекемелер) өтемақы төлеу үшін қажетті құжаттарды 10 (он) жұмыс күні ішінде жинақтайды және оларды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығына (бұдан әрі – ЗҚО) жолдайды.
5. Әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға, әскери міндеттіге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді ЗҚО ұсынған құжаттар негізінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Қаржылық қамтамасыз ету орталығы (бұдан әрі – ҚҚО) жүзеге асырады.
2-тарау. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда құжаттарды ресімдеу
6. Әскери қызметші әскери қызмет өткеру кезеңінде,резервтегі әскери адам жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде,әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті не әскери қызмет өткеру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған,әскери жиындарданөту кезеңіндеалған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылғаннан,жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталғаннанкейін қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда мұрагерлеріне өтемақы төленеді.
7. Әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның немесе әскери міндеттінің қаза табу (қайтыс болу) себебін айқындау мақсатында ол әскери қызмет өткерген (әскери жиындардан өткен) әскери бөлім (мекеме) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Жарғы) 30-тармағы 10) тармақшасының талаптарына сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.
8. Әскери бөлім (мекеме) қызметтік тергеп-тексеруді жүргізгеннен кейін мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның немесе әскери міндеттінің қаза табуын (қайтыс болуын) қызметтік тергеп-тексеру материалдарын;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларына(бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) адамның оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы;
3) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды немесе әскери міндеттіні әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзіндіні.
Құжаттар ресімделгеннен кейін әскери бөлімдер (мекемелер) оларды мұрагерлердің тұрғылықты жері бойынша ЖӘБО-ға үш жұмыс күні ішінде жолдайды.
9. Әскери бөлімдер (мекемелер) отбасы мүшелеріне (жұбайына/зайыбына, балаларына, ата-анасына) осы Нұсқаулыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама жолдайды.
10. Өтемақы алуға құқығы бар мұрагерлер ЖӘБО-ға Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
11. ЖӘБО осы Нұсқаулықтың 8, 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алып, оларды он жұмыс күні ішінде ЗҚО-ға жолдайды.
3-тарау. Әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға немесе әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген жағдайда құжаттарды ресімдеу
12. Өтемақы әскери қызметшіге әскери қызмет өткерген кезеңде, әскери міндеттіге әскери жиындарда болған кезеңде, резервтегі әскери адамғажауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде мүгедектік белгіленген жағдайда немесе әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда,әскери жиындарда болған кезеңдердеалған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылған, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін төленеді.
13. Әскери қызметке жарамдылық санатын өзгертетін ауруды диагностикалау кезінде әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндеәскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 716 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидалары 2-тармағының 1) тармақшасына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21869 болып тіркелген) сәйкес медициналық куәландыруға жіберіледі.
14. Өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті ЖӘБО-ға Қағидалардың 8 және 10-тармақтарында көрсетілген құжаттарға қосымша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
15. ЖӘБО осы Нұсқаулықтың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдап, әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұратын (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымның мөлшері туралы анықтаманы және әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды немесе әскери міндеттініәскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы бұйрығынан үзіндіні сұратады.
16. ЖӘБО осы Нұсқаулықтың 14, 15-тармақтарында көрсетілген құжаттарды алып, он жұмыс күні ішінде оларды ЗҚО-ға жолдайды.
4-тарау. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда құжаттарды ресімдеу
17. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті әскери қызмет (әскери жиындар) міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда оған өтемақы төленеді.
18. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті әскери қызмет (әскери жиындар) міндеттерін орындау кезінде мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайда әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті қызмет өткеретін (әскери жиындардан өтетін) әскери бөлім (мекеме) Жарғының талаптарына сәйкес қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді.
19. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін әскери бөлім (мекеме) одан әрі ЗҚО-ға жолдау үшін мынадай құжаттарды ресімдейді:
1) әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға немесе әскери міндеттіге мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) алуфактісі бойынша қызметтік тергеп-тексеру материалдарын;
2) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай қамтылымда тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі қаза тапқанның (қайтыс болғанның) ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы.
20. Өтемақы алуға құқығы бар әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті әскери қызмет өткеретін (әскери жиындар өтетін) әскери бөлімге (мекемеге) Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген құжаттарға қосымша жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді ұсынады.
21. Осы Нұсқаулықтың 19, 20-тармақтарында көрсетілген құжаттар жинақталғаннан кейін әскери бөлімдер (мекемелер) 10 (он) жұмыс күні ішінде оларды ЗҚО-ның мекенжайына жолдайды.
5-тарау. Әскери қызметшілерге, резервтегі әскери адамдарға немесе әскери міндеттілерге өтемақы төлеу
22. Өтемақы төлеуге құжаттар келіп түскеннен кейін ЗҚО мамандары материалдарды барлық қажетті құжаттардың болуына тексереді. Толық емес, нақты емес немесе қарама-қайшы мәліметтерден тұратын құжаттар келіп түскен жағдайда ЗҚО қайтару себебін жазбаша түсіндіріп, құжаттарды келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЖӘБО-ға қайтарады.
23. Өтемақы төлеуден бас тартқан жағдайда ЗҚО өтініш иесіне және ЖӘБО-ға 5 (бес) жұмыс күні ішінде белгіленген тәртіппен бас тартудың себептерін түсіндірумен хат жолдайды.
Өтемақы төлеуден бас тартылған өтініштер осы Нұсқаулыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Біржолғы өтемақы төлеуден бас тарту бойынша материалдарды тіркеу журналында тіркеледі.
24. Өтемақы төлеуге құқығы, сондай-ақ қажетті барлық құжаттар толық болған кезде ЗҚО осы Нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтемақы төлеуге есепті жинақтайды және құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды төлеу үшін ҚҚО-ға жолдайды.
Әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы төлеуге есептер әрбір мұрагерге жасалады.
25. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда өтемақы төлеу үшін ҚҚО-ға мынадай құжаттарды жолдайды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі немесе хабарлама;
3) "Нотариаттық куәліктер мен қаулылардың, мәмілелердегі және нотариустар куәландыратын құжаттардағы куәландыру жазбаларының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 104 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13561 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілген заң бойынша мұраға құқық туралы куәлік;
4) мұраға құқығы туралы куәлікте көрсетілген өтемақы алуға құқығы бар адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелерін (жеке куәліктер, балалардың туу туралы куәліктері);
5) әрбір мұрагерге банк шотының нөмірі туралы мәлімет;
6) сот-медициналық (паталогоанатомиялық) сараптама қорытындысының көшірмесі (бар болған кезде);
7) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша қайтыс болуы туралы медициналық куәліктің көшірмесі (бар болған кезде);
8) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаза тапқанның (қайтыс болғанның) оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтама;
9) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды немесе әскери міндеттіні әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы әскери бөлім командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзінді;
10) әскери қызметшінің, резервтегі әскери адамның немесе әскери міндеттінің әскери қызмет өткерумен (әскери жиындардан өтумен) байланысты қаза табуын (қайтыс болуын) тергеп-тексеру материалдары;
11) әскери қызметтен шығарылғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейiн қайтыс болған адамдарға қатысты әскери-дәрігерлік комиссияның қайтыс болуға әкеп соқтырған мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), науқастанудың әскери қызмет өткерумен себепті байланысы туралы қорытындысы.
26. Әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға немесе әскери міндеттіге мүгедектік белгіленген жағдайда өтемақы төлеу үшін ҚҚО-ға мынадай құжаттар жолданады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) мертігудің (жараланудың, жарақаттанудың, контузия алудың), ауруының әскери қызмет өткерумен (әскери жиындардан өтумен) себептік байланысы туралы ӘДК қорытындысының нотариат растаған көшірмесі;
4) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы№ 260 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін мүгедектігі туралы анықтаманың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;
5) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұратын (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтама;
6) әскери қызметшіні, резервтегі әскери адамды немесе әскери міндеттіні әскери бөлім (мекеме) тізімінен шығару туралы әскери бөлiм командирінің (мекеме басшысының) бұйрығынан үзінді;
7) банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
27. Әскери қызметші, резервтегі әскери адам немесе әскери міндетті мүгедектікке әкеп соқтырмаған мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия) алған жағдайда өтемақы төлеу үшін ҚҚО-ға мынадай құжаттар жолданады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтініш;
2) өтемақы алуға құқығы бар адамның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алған мертігуінің (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) ауырлық дәрежесі (ауыр немесе жеңіл) туралы әскери-дәрігерлік комиссияның анықтамасы;
4) әскери қызмет міндеттерін орындау (әскери жиындардан өту) кезінде мертігуін (жаралануын, жарақаттануын, контузия алуын) қызметтік тергеп-тексеру материалдары;
5) әскери қызметші немесе әскери міндетті ақшалай ризықта тұрған әскери бөлімнен (мекемеден) Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған сәттегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтама;
6) банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
28. ҚҚО алушыларға барлық қажетті құжаттар алынған күннен бастап eкі ай iшiнде, ал осы шығыс түрін қаржыландыру болған кезде құжаттар келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтемақы төлеуді жүргізеді.
29. ҚҚО өтемақы төлеуді жүргізгеннен кейін ЗҚО-ға 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге шоттардың көшірмелерін жолдайды.
30. ЗҚО 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеуге шот көшірмесін алғаннан кейін өтініш иесіне өтемақы төлеуге шоттың нөмірін, күнін және сомасын көрсетумен өтемақыны аудару туралы жазбаша хабарламаны жолдайды және Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтініштерді тіркеу журналына жазба жасайды.
АНЫҚТАМА
"Әскери қызмет және әскериқызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы 51-бабының 2-тармағына сәйкес әскери қызметші әскери
қызмет өткеру кезеңіндене әскери қызмет өткеру кезеңінде алған мертігу (жаралану,
жарақаттану, контузияалу) немесе науқастану нәтижесінде қызметтен шығарылғаннан
кейін қазатапқан (қайтыс болған) жағдайда, әскери қызметшінің мұрагерлеріне
қазатапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы бойынша бес жылдық
ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы өтемақы төлеу жүргізілетіні
туралы__________________________________________________________________
__________________________________________________________________берілді.
(мұрагердің Т.А.Ә. (бар болса)
__________________________________________қайтыс болуына байланысты
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
оның мұрагерлері қазатапқан (қайтыс болған) күні соңғы атқарған лауазымы бойынша
бес жылдық ақшалай қамтылым мөлшерінде біржолғы өтемақы алуға үміткер.
_______________________________________________ қайтыс болу жағдайы
(әскери атағы, Т.А.Ә. (бар болса)
бойынша қаза тапқан күні соңғы атқарған лауазымы бойынша біржолғы
өтемақының мөлшері _________________________ теңгені құрайды.
(сомасы жазбаша)
Анықтама мұраға құқық туралы куәлікті алу үшін берілді.
Мекемебасшысы __________________________________________________
(әскери атағы, қолы, Т.А.Ә. (бар болса) М.Ө.
______________________________
Біржолғы өтемақыны төлеуден бас тарту бойынша материалдарды тіркеу журналы
Р/с | Әскери атағы | Т.А.Ә. (бар болса) | Келіп түскен күні мен нөмірі | Материал қайдан келіп түсті | Залалды өтеу себебі (қайтыс болу, мүгедектік, ауыр немесе жеңіл жарақат) | Өтемақыны төлеуден бас тарту себебі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
____________________________
Біржолғы өтемақы төлеуге есеп
Құжаттардың келіп түскен күні_______________________________________
Оқиғаның атауы ___________________________________________________
(қаза табуы (қайтыс болуы), мүгедектігі, мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы)
Оқиға болған күн _____________________
Зардап шеккен адамның атағы, Т.А.Ә. (бар болса) _______________________
Зардап шеккен адамның ЖСН ________________________________________
Әскери бөлім (мекеме) ______________________________________________
Шығарылған күні ___________________________________________________
(шығарылған кезде толтырылады)
Өтемақы есебі
Лауазымдық айлықақы (ЛА) __________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Әскери атағы бойынша айлықақы (ӘА) _________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Ақшалай қамтылым (АҚ) _____________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) _______________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Өтемақы мөлшері ___________________________________________________
Өтемақы есебі ______________________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Өтемақы сомасы ____________________________________________________
(цифрмен және жазбаша көрсетіледі)
Өтемақыны алушы туралы ақпарат:
Алушының Т.А.Ә. ___________________________________________________
Алушының ЖСН ____________________________________________________
Банк филиалы _______________________________________________________
Карточкалық (дербес) шот нөмірі _______________________________________
Алушының мекенжайы________________________________________________
Алушының телефоны _________________________________________________