"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1 және 2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
________________
2025 жылғы "____" ___________
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 31 шілдедегі № 572 бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерін тамақтандырудың жеке рационнының, білім беру ұйымдары мен емдеу мекемелерінің, қызметтік жануарларының азық-түлігінің, жабдығының, асханалық-ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 800 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12260 болып тіркелді).
2. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының полиция, қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің және арнайы мүліктерінің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12440 болып тіркелді).
3. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерін жиһазбен, керек-жарақпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 25 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16306 болып тіркелді).
4. "Қазақстан Республикасы полиция, ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің нысанды киімінің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 940 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 552 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18866 болып тіркелді).
5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөліністерін жиһазбен, керек-жарақпен, қағазбен, мүкәммалмен, жабдықпен, спорттық және шаруашылық мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 15 қаңтардағы № 25 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 1062 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19723 болып тіркелді).
6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мақсаттағы бөліністері қызметкерлерін тамақтандырудың жеке рационнының, білім беру ұйымдары мен емдеу мекемелерінің, қызметтік жануарларының азық-түлігінің, жабдығының, асханалық-ас үй мүкәммалының заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 800 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 17 ақпандағы № 82 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22249 болып тіркелді).
7. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының медициналық, әскери-медициналық ұйымдарын, мекемелерін және Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарын медициналық техникамен, дәрі-дәрмектермен, медициналық және ветеринарлық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 314 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22927 болып тіркелді).