Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 70-6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Электрондық және биржалық сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруды.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Бижанова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 24 шілдедегі № 216-НҚ Бұйрыққа қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 70-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларының конкурсын өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) клиринг – биржа мәмілелерін жасасу нәтижесінде, оның ішінде міндеттемелер неттингін жүзеге асыру нәтижесінде тауар биржасы мүшелерінің талаптары мен (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі және осындай міндеттемелерді тоқтатудың және (немесе) орындаудың негізі болып табылатын құжаттарды (ақпаратты) дайындау;
2) конкурстық комиссия – әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыру бойынша конкурс өткізу және жеңімпазды айқындау мақсатында құрылатын алқалы орган;
3) конкурсқа қатысушы – конкурсқа қатысуға ниет білдірген тауар биржасы;
4) конкурстық өтінім – осы Қағидаларда көзделген шарттар мен талаптарға сәйкес конкурсқа қатысуға конкурсқа қатысушы ұсынатын құжаттардың тізбесі;
5) қосарланған қарсы аукцион режимі – сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде биржалық мәмілелер анонимді түрде жасалатын, ал биржалық тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
6) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – сауда қызметі саласында мемлекеттік реттеуді және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
7) сауда-саттық сессиясы – биржалық саудаға қатысушылар тауар биржасының сауда жүйесіне биржалық тауарды сатып алуға (сатуға) өтінімдер қоятын және олар бойынша биржалық мәмілелер жасалатын сауда-саттық күнінің уақыт кезеңі;
8) тауар биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей өткізу жолымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
3. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурсты уәкілетті орган өткізеді.
4. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен биржалық сауданы ұйымдастыру құқығы 2 (екі) жылға беріледі.
2-тарау. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларының конкурсын өткізу тәртібі
5. Уәкілетті орган өзінің ресми интернет-ресурсында өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күні бұрын конкурс өткізу туралы хабарландыруды орналастырады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда мынадай ақпарат көрсетіледі:
1) конкурстық өтінімдерді қабылдаудың басталу және аяқталу күні мен уақыты;
2) уәкілетті органның заңды мекенжайы;
3) конкурсты өткізу орны;
4) Конкурстық комиссия отырысының күні мен уақыты.
Тауар биржаларының конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күнін құрайды.
6. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдер қарауға жатпайды.
7. Тауар биржасы конкурсқа қатысу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауар биржасының бірінші басшысы қол қойған, "Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларына қойылатын өлшемшарттарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі № 273 қаулысында көзделген өлшемшарттарға (бұдан әрі – Өлшемшарттар) сәйкестігін растайтын құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, конкурстық өтінімді ұсынады.
Өлшемшарттарға сәйкестікті растау мемлекеттік қызметтерді көрсету немесе цифрлық құжаттар сервисі үшін пайдаланылатын ақпараттық жүйелерден алынған құжаттар мен мәліметтерді қоспағанда, құжаттар мен мәліметтер көшірмелерінің негізінде жүзеге асырылады.
8. Конкурстық өтінім конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін уәкілетті органның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Конкурстық өтінім келіп түскен күні уәкілетті органның кеңсесінде қабылданады және тіркеледі және Комиссия хатшысына беріледі.
Әлеуетті тіркеуші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде конкурстық өтінімді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
9. Конкурсқа қатысуға өтінімді жетіспейтін құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды сәйкес келтіруге байланысты конкурсқа қатысушылар тарапынан сұрау салуды жіберуге жол берілмейді.
10. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын айқындау үшін уәкілетті орган конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрады.
11. Комиссия құрамына:
1) уәкілетті органның өкілдері;
2) монополияға қарсы органның өкілдері (келісу бойынша);
3) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдері (келісу бойынша);
4) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның өкілдері (келісу бойынша);
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері (келісу бойынша);
6) мұнай өнімдерін өндіру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдері;
7) өнеркәсіп және құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдері;
8) агроөнеркәсіптік кешен саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдері;
9) цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның өкілдері қосылады.
12. Комиссия төрағадан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады.
Комиссияның төрағасы уәкілетті органның бірінші басшысы болып табылады.
Комиссия мүшелері отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа тұлғаларға тапсырмайды.
Комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.
Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.
13. Комиссия төрағасы отырыстарда төрағалық етеді және Комиссия қызметіне басшылық жасайды.
14. Комиссия хатшысы:
1) Комиссия отырысын өткізуді ұйымдастырады;
2) Комиссия мүшелерінің дауыстарын санауды жүзеге асырады және конкурстық өтінім берген әрбір тауар биржасы бойынша дауыс беру нәтижелерін жария етеді;
3) Комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді және Комиссия мүшелерінің санына сәйкес конкурстық өтінімдердің көшірмелерін қалыптастырады;
4) әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар саудасын жүзеге асыратын тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттаманы ресімдейді;
5) конкурс құжаттарының сақталуын қамтамасыз етеді;
6) Комиссия мүшелерін және тауар биржаларын Комиссия отырысының өткізілетін күні мен орны туралы хабардар етеді.
15. Комиссия отырыстарына "Астана" халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында жұмыс істейтін қор биржасын және оның клирингтік ұйымын, дауыс беру құқығынсыз Комиссия мүшелері болып табылмайтын ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ұйымды шақыруға жол беріледі.
Ұйымдар демонстрациялық сауда сессиясы процесінде өз құзыреті шегінде еркін нысанда тауар биржасы функционалының әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлармен биржалық сауданы ұйымдастыруға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалайды.
Бағалау ұсынымдық сипатта болады.
16. Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып табылады.
17. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған конкурстық Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Комиссия мүшелері ерекше пікірін еркін нысанда жазбаша баяндайды, ол конкурстың қорытындылары туралы хаттамаға қоса беріледі.
18. Хатшы комиссияның отырыстарын аудио және бейнежазба құралдарының көмегімен (бар болса) тіркейді. Комиссия отырысының аудио-, бейнежазбасын (бар болса) рұқсатсыз тоқтата тұруға немесе түзетуге жол берілмейді.
19. Комиссия ұсынылған құжаттар мен конкурсқа қатысушылардың осы Қағидалардың 7-тармағының талаптарына сәйкестігін айқындайды.
Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесінде әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар бойынша биржалық сауда-саттықты растау үшін конкурсқа қатысушы Комиссия үшін клиринг тетігін қолдана отырып, сауда-саттықты демонстрация жүргізеді.
20. Сауда-саттықты демонстрация шартты сауда құралдары бойынша кемінде 10 (он) шартты сатушы мен 20 (жиырма) сатып алушының қатысуымен нақты уақыт режимінде Қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізіледі.
21. Комиссия мүшелері орташа мәндерді қолданбай жүргізетін барлық балдарды қорытындылау қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған ең көбі екі тауар биржасы конкурс жеңімпазы болып танылады.
Бағалау нәтижелері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бағалау парақтарымен ресімделеді.
Конкурс балдарын беру жөніндегі шешімді Комиссияның әрбір мүшесі жеке шығарады.
22. Егер конкурстық өтінімдерді ұсыну мерзімі ішінде осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін бір ғана конкурстық өтінім ұсынылса, Комиссия осы тауар биржасын жеңімпаз деп айқындау туралы шешім қабылдайды.
23. Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ресімделеді.
24. Конкурс өтпеді деп танылады:
1) Егер белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдер түспеген жағдайда;
2) Егер барлық ұсынылған конкурстық өтінімдер не жалғыз конкурстық өтінім конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда.
25. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда уәкілетті орган конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.
26. Конкурс қорытындылары Комиссия отырысы өткізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысқан тауар биржаларына жазбаша түрде жеткізіледі.
27. Уәкілетті орган конкурс қорытындылары туралы хаттаманың негізінде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына енгізеді.
28. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша туындаған барлық дауларды уәкілетті орган қарайды.
Дауды қарау нәтижелері бойынша қабылданған уәкілетті органның шешіміне Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
________________________ | |
(мемлекеттік орган) |
Конкурстық өтінім
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурсқа қатысуға ________________________________________________
(тауар биржасының атауы көрсетіледі)
рұқсат беруіңізді сұраймын.
Осымен тауар биржасы:
1) бірінші басшының және басшы лауазымдарды атқаратын адамдардың алынбаған немесе өтелмеген соттылығының, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және өмір бойы қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болып табылу құқығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің жоқтығын растайды.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
2) тауар биржалары қызметімен айналысу құқығына қолданыстағы лицензиясы бар.
3) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегі жоқ.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
4) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабында белгіленген мөлшерде тауар биржасының тұрақты резервтік қоры бар.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
5) "Тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 141 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10695 болып тіркелген) бекітілген талаптарға сәйкес келетін тауар биржасының электрондық сауда жүйесі бар.
Мыналармен:
қабылдау-беру туралы актімен (қабылдау-беру туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып);
пайдалануға беру туралы актімен (пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып);
негізгі құралдардан үзінді көшірмемен (үзінді көшірмені қоса бере отырып);
техникалық тапсырмамен (техникалық тапсырманы қоса бере отырып);
секундына транзакциялар санын көрсете отырып, тауар биржасының электрондық сауда жүйесін жүктемелі сынау хаттамасымен;
ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған шартпен;
Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес тауар биржасының сауда жүйесін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң актісімен расталады.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
6) тауар биржасы, тауар биржасының аккредиттелген мүшелері, биржалық сауда-саттықтың күн сайынғы нәтижелері және биржалық белгіленімдер (мәтіндік, графикалық, дыбыс-бейне түрінде), тауар биржасының ішкі құжаттары туралы ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін, сондай-ақ ақпаратты мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруды көздейтін тауар биржасының тұрақты жұмыс істейтін интернет-ресурсы бар.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
7) оң қаржылық нәтижемен (тұрақты кредиттік қабілеттілік және қызметті жүргізу үшін жеткілікті капиталдың қалыпты деңгейі) аудиторлық компания жүргізген өзекті қаржылық есептілігі (шоғырландырылған) бар;
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
8) "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес қалыптастырылған жарғылық капиталы бар.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
9) клирингтік ұйыммен клирингтік қызмет көрсету туралы жасалған шарты бар.
Мыналармен:
клирингтік қызмет көрсету туралы шартпен;
клиринг ұйымының тіркелген күнімен;
қабылдау-беру туралы актімен (қабылдау-беру туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып);
пайдалануға беру туралы актімен (пайдалануға беру туралы актінің көшірмесін қоса бере отырып);
негізгі құралдардан үзінді көшірмемен (болған жағдайда);
техникалық тапсырмамен (болған жағдайда);
кепілдік беру қорының болуымен;
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар клиринг ұйымымен өзара іс-қимылмен расталады.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
_______________________________________________________________
Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________
__________ _____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ жылғы "__" _______________
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидаларына 2-қосымша |
Бағалау парағы
Комиссия (Сауда және интеграция министрінің __ жылғы 20 __ жылғы
"__"_________ № ____ бұйрығымен бекітілген)
Отырыс 20 ____ жылғы "____" ___________.
Тауар биржасының атауы ______________________________
Ерекше пікірдің болуы ______________________________________
Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) __________________
комиссия мүшесінің қолы __________________
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын конкурстық негізде айқындау қағидаларына 3-қосымша |
Әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген биржалық тауарлармен сауданы жүзеге асыратын тауар биржаларын айқындау жөніндегі конкурстың қорытындылары туралы хаттама
_________________________ _______________
(отырысты өткізу орны) (уақыты мен күні)
1. Комиссия құрамында:
_____________________________________________________________________
(комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы көрсетіледі)
2. Конкурсқа қатысатын келесі тауар биржаларының өтінімдері:
№ | Тауар биржасының атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Өтінімді беру күні мен уақыты |
3. Себептерін көрсете отырып, конкурстан өтпеген тауар биржалары туралы мәліметтер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
4. Конкурс жеңімпазын көрсете отырып, конкурс қорытындылары туралы мәліметтер және жинаған балы:
______________________________________________________________________
(тауар биржасының атауы және тіркелген күні көрсетіледі; сәйкестендіру нөмірі және лицензияның нөмірі; заңды мекенжайы (орналасқан жері; тауар биржасы интернет сайтының атауы; байланыс ақпараты)
5. Комиссия төрағасының және мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),
Қолдары
6. Ерекше пікір ______ парақта.
Төраға __________________________________ (қолы)
Хатшы ______________________________________ (қолы)