БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы 5-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 287) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-5-бабы 5-тармағына, "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі ереженің 15-тармағы 287) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы, біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, жылу энергиясы көздерінің, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексеру жүргізу және оларды есепке алу тәртібін айқындайды.";
5, 6 және 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер (бұдан әрі – энергетикалық кәсіпорындар) технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 1 сағаттың ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес энергетикалық кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінде, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну регламентіне сәйкес жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы жедел хабарлама береді.
Энергетикалық кәсіпорын технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 15 минут ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментті және жергілікті атқарушы органды жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы технологиялық бұзушылықтың туындау фактісі туралы хабардар етеді.
Технологиялық бұзушылық пайда болған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірілмейтін мерзімде энергетикалық кәсіпорын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның тиісті облыс және Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаментіне, жергілікті атқарушы органға және жүйелік операторға жедел хабарлама жолдайды.
6. Жедел хабарлама мәліметтерінің нысаны мен құрамы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес айқындалады.
7. Мына технологиялық бұзушылықтарды:
Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 7), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларын және 2-тармағының 4), 8), 9) және 10) тармақшаларын қоспағанда, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің (бұдан әрі – Технологиялық бұзушылықтар жіктеуі) 1 және 2-тармақтарында көзделген жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтарды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді;
Технологиялық бұзушылықтар жіктеуінің 1-тармағының 7), 9), 10), 11), 12), 13) тармақшаларында және 2-тармағының 4), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде орын алған технологиялық бұзушылықтарды жергілікті атқарушы органның бұйрығымен құрылған комиссия тергеп-тексереді.
Комиссия төрағалары болып бұйрықты шығарған органның өкілдері тағайындалады.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Комиссия төрағадан және оның мүшелерінен, сондай-ақ комиссияның шешіміне қатыспайтын хатшыдан тұрады. Хатшыны есептемегенде, төрағаны қоса алғанда, комиссия мүшелерінің саны саны – тақ.
Комиссия құрамы технологиялық бұзушылықтың ауырлығына және сипатына байланысты айқындалады және мемлекеттік органдардың, жөндеу, баптау, жобалау, ғылыми-зерттеу, дайындаушы зауыттардың, құрылыс-монтаждау және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдерін қамтиды.";
27-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"27. Технологиялық бұзушылықтар жіктеуіне сәйкес біртұтас электр энергетикасы жүйесінің, электр станцияларының, қазандықтардың, электр және жылу желілерінің, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінің жұмысында орын алған технологиялық бұзушылықтар есепке алуға жатады.";
30-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Әрбір энергетикалық кәсіпорын есепті айдан кейінгі айдың жетісіне дейін ай сайын мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша) осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша технологиялық бұзушылықтар туралы жиынтық есептілікті жолдайды.
Технологиялық бұзушылықтарды есепке алу энергетикалық кәсіпорындарда нысаны осы Қағидаларға 8-қосымшада белгіленген технологиялық бұзушылықтарды есепке алу журналында жүргізіледі.";
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8-қосымшаның 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Жылу желілері үшін:
- магистральдық құбыржолдар;
- орамішілік құбыржолдар;
- су жылыту қазандықтары;
- бу қазандықтары;
- сорғылық агрегаттар бойынша.";
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көрсетілген бұйрыққа 9-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Энергетикалық кәсіпорындардың орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы шұғыл хабарламаларды ұсыну РЕГЛАМЕНТІ
Энергетикалық кәсіпорындарда орын алған технологиялық бұзушылықтар мен жазатайым оқиғалар туралы ақпарат мына кестеге сәйкес хабарланады:
№ | Шұғыл хабарламалар ұсынылатын бұзушылықтар | Хабарламаларды ұсыну реттілігі | |
Штаттан тыс жағдайлар туындаған сәттен бастап 1 сағат ішінде жедел хабар алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы және 12 сағаттан кешіктірмей жазбаша түрде хабарланады: | 1-кезең | 2-кезең | |
1. | 220 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және (немесе) осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; |
ЭК ОДҚ-қа ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды (құзыреті шегінде), | ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды |
2. | энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; | ||
3. | энергетикалық кәсіпорындардағы жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; | ||
4. | электр станциясы, жылу энергиясының көзі жүктемесінің толық түсуі; | ||
5. | күл-қож үйіндісі дамбаларын немесе гидроқұрылыс бөгеттерін судың шайып кетуі, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың негізгі конструкцияларының бұзылуы; | ||
6. | Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуі; | ||
7. | орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы; | ЖО ҰДО-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды | |
8. | жылыту маусымында жылу желілеріндегі айналымның тоқтауы немесе бұзылуы; | ЭК ОДҚ-сы ЖО ӨДО-ға, жергілікті атқарушы органға және мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына хабарлайды (құзыреті шегінде) | ЖО ҰДО мен мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына хабарлайды |
9. | энергетикалық кәсіпорындардағы (объектілердегі) жазатайым оқиғалар; | ЭК ОДҚ-сы ЦДС ЭП мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сына және жергілікті атқарушы органға хабарлайды | мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның АД-сы мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі органның басшылығына және/немесе басқарма басшысына хабарлайды |
10. | электр станциясы, жылу энергиясының көзі, электр және жылу желілеріндегі жабдықтың бұзылуымен өрттің, жарылыстың пайда болуы; | ||
11. | 110 кВ және одан жоғары электр желілеріндегі бұзылулар мен ажырату және осы желілердегі қуат ағымын шектеу автоматикасының дұрыс жұмыс істемеуі; | ||
12. | бір энергетикалық кәсіпорын шегінде 2 және одан да көп электр беру желілерінің, сондай-ақ кернеуі 6-35 кВ электр желілеріндегі жабдықтың немесе тұтынушыларды 0,5 МВт жоғары электр энергиясынан жаппай ажыратуға әкеп соққан немесе дүлей зілзала нәтижесіндегі ажыратылуы және/немесе бұзылуы; | ||
13. | диспетчердің басқарушы объектімен байланысын 1 сағаттан астам мерзімге толық жоғалтуға әкеп соққан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары жұмысының бұзылуы; | ||
14. | электр станциясы, жылу энергиясы көзінің және жылу желілері жабдығының, технологиялық ғимараттар мен құрылыстардың бұзылуы; | ||
15. | қорғаныс пен автоматиканың қате әрекеті; | ||
16. | автоматикалық қорғаныс құралдарының немесе технологиялық параметрлердің жол бергісіз ауытқуларынан персонал әрекетінен немесе өзге де себептерден электр станциясы, кіші электр станциясы жабдығының ажыратылуы; | ||
17. | өнеркәсіптің ірі кәсіпорындарының, көлік, байланыс, газ бен мұнайды өндіру, оларды өңдеу; қалалардың (кенттердің) немесе тұрғын аудандардың энергиямен жабдықтаудың тоқтатылуы; | ||
18. | орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру кезінде электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну режимдері бойынша жүйелік оператор өкімдерінің орындалмауы. |
Ескертпе:
ЭК ОДҚ – энергия кәсіпорындарының орталық диспетчерлік қызметі;
ЖО ӨДО – жүйелік оператордың өңірлік диспетчерлік орталығы;
ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшылығы – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Орталық аппаратының басшылығы;
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның АД – Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық департаменттері.
Ұсынылады: мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органға немесе жергілікті атқарушы органға (құзыреті бойынша)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/kaenk
Әкімшілік нысанның атауы: Жедел хабарлама
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ЖХ-1
Кезеңділік: технологиялық бұзушылық және өндірісте болған жазатайым оқиғалар туындаған сәттен бастап
Есепті кезең: "____" ____________
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: технологиялық бұзушылық және өндірісте болған жазатайым оқиғалар туындаған сәттен бастап 15 минут және 1 сағат ішінде
БСН | ||
Жинау әдісі – электрондық түрде және жедел хабарламалармен алмасу жөніндегі мобильді бағдарламалар арқылы қайталай отырып, телефон арқылы
№ | Қажетті ақпарат | Ұсынылатын деректер |
1. | ӘАОЖ (әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші) бойынша орналасқан жердің коды | |
2. | Технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның туындаған күні және уақыты | |
3. | Технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның болжамды себептері | |
4. | Пайдаланылған қорғаныс, автоматика және бұғаттау тізбесі | |
5. | Істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі | |
6. | Технологиялық бұзушылықтың салдары: бұзылған жабдықтың көлемі, толық жібермеу (мың киловатт сағат/гигакалория), қабылданатын шаралар, ажыратылған тұтынушылардың саны (жеке және заңды тұлғалар), технологиялық бұзушылықты жою уақыты (минут, сағат) |
Ұйымның атауы ______________________________________
Ұйымның мекенжайы _____________________________________________
Ұйымның телефоны ___________________________________________
Ұйымның электрондық пошта мекенжайы ____________________________
Орындаушы ___________________________________________________
Тегі Аты Әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Орындаушының телефоны __________________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
________________________________________ _____________________
Тегі Аты Әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
"Жедел хабарлама" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Жедел хабарлама" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (индекс № ЖХ-1, кезенділігі технологиялық бұзушылық және өндірісте болған жазатайым оқиғалар туындаған сәттен бастап)
1. 1-бағанда ӘАОЖ (әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші) бойынша орналасқан жерінің коды (әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші) көрсетіледі.
2. 2-бағанда технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның туындаған күні және уақыты көрсетіледі.
3. 3-бағанда технологиялық бұзушылық, жазатайым оқиғаның болжамды себептері көрсетіледі.
4. 4-бағанда пайдаланылған қорғаныс, автоматика және бұғаттау тізбесі көрсетіледі.
5. 5-бағанда істен шыққан және жұмыста қалған жабдықтың тізбесі көрсетіледі.
6. 6-бағанда технологиялық бұзушылықтың салдары: бұзылған жабдықтың көлемі, толық жібермеу (мың киловатт сағат/гигакалория), қабылданатын шаралар, ажыратылған тұтынушылардың саны (жеке және заңды тұлғалар), технологиялық бұзушылықты жою уақыты (минут, сағат) көрсетіледі.