БҰЙЫРАМЫН:
1. "Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 13 маусымдағы № 15 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28495 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қосымша уақыт шығындары қажет болған жағдайда, негізгі қуат иесі монополияға қарсы органға Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мерзімді ұзарту туралы дәлелді өтінішпен бір және (немесе) бірнеше шарттар сақталған кезде жүгінеді:
1) сатып алу-сату немесе қызметті (жұмысты) көрсету шартын ресімдеу және жасасу кезінде контрагенттерден өтінімдерді қабылдау үшін ақпараттық жүйені енгізу;
2) негізгі қуатқа қолжетімділікті алудың ішкі тәртібін бекіту;
3) негізгі қуатқа қолжетімділікті алушылармен сатып алу-сату немесе қызметті (жұмысты) көрсету шарттарын қайта жасасу;
4) негізгі қуатты пайдаланумен байланысты қызметтен алынған кіріс есебінен қаржыландырылатын және тиісті саланы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісілген бес жылдан аспайтын мерзімге инвестициялық жобаларды іске асыруды біржолғы аяқтау, сондай-ақ негізгі қуат иесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген талаптарды орындау қажеттілігі.
Өзінің қызметін Қағидаларға сәйкес келтіру үшін мерзімді ұзарту, осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, бір жылдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Мерзімді ұзарту туралы немесе ұзартудан бас тарту туралы шешімді монополияға қарсы органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға дәлелді өтінішті алған сәттен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қажетті уақыт шығындарының негіздемесін ескере отырып қабылдайды.";
11-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қағидалардың 17-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдайда, сондай-ақ нарық субъектісі мен негізгі қуатты иеленуші арасында негізгі қуатқа қол жеткізу шарттары бойынша келісімге қол жеткізілген кезде олардың арасында тиісті шарт жасалады.
Шарт Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, қоса алғанда бір жылға дейінгі мерзімге жасалады.";
33-тармақтың екінші бөлігінде:
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өзге әуе компаниялары;
3) мұнай өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізуші;";
5) тармақша алынып тасталсын;
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау нарығында негізгі қуатқа тең қол жеткізуді ұсынудың ерекшеліктері.";
49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Тауар нарығында монополиялық жағдайға ие магистральдық мұнай құбырының операторы (бұдан әрі – оператор) мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау нарығындағы негізгі қуат иесі болып табылады.
50. Оператор мұнай жіберушілерге мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау бойынша қызметтерін бекітілген шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын беру кестесіне сәйкес ұсынады.";
52-тармақ мынадай редакциядағы абзацпен толықтырылсын:
"52. Мұнайды экспорттау мақсатында магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау шарты 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімге жасалады";
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"53. Мұнай жөнелтушінің шарт жасасуға өтінімдері олардың келіп түсуіне қарай қабылданады.
Мұнай жіберуші мұнайды тасымалдауға өтінімдерді "Магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнайды тасымалдау кестесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11283 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 276 бұйрығына сәйкес магистральдық құбыр саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті органға және ақпарат үшін операторға мынадай тәртіппен жібереді:
- мұнайды тасымалдауға арналған жылдық өтінім тасымалдаудың жылдық кезеңінің алдындағы жылдың 1 тамызына дейін;
- мұнайды тасымалдауға арналған айлық өтінім есепті айдың алдындағы айдың оныншы күніне дейін жіберіледі.";
56, 57 және 58-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Оператор өтінімді алған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ақпараттық жүйе арқылы ұсынылған материалдарды Қағидалардың 55-тармағына сәйкестігін тексереді және өтінім берушіні қол қойылған шарт жобасын жібере және (немесе) ұсынылмаған құжаттарды беру қажеттілігін көрсете отырып шешім туралы хабардар етеді.
57. "Магистральдық құбыр туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 4-тармағына сәйкес оператор мұнай жіберушіге қызмет көрсету кезінде мұнайды тасымалдау қызметін көрсету туралы келісімшартта көрсетілген талаптарға сәйкес мұнай сапасының және санының сақталуын қамтамасыз етеді және өнімді тасымалдау кезінде техникалық ысыраптарды шегергенде, маршруттың соңында мұнайды тапсырады.
58. Оператор есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында магистральдық құбыржол бойынша есепті жыл үшін экспортқа тасымалданған мұнайдың нақты көлемдері туралы ақпаратты орналастырады.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Мұнай және (немесе) газ конденсатын және (немесе) өңделген өнімді және (немесе) өңделген өнім иелерінен, мұнай берушілерден және жер қойнауын пайдаланушылардан мұнайды және (немесе) газ конденсатын және (немесе) өңделген өнімді өңдеу бойынша көрсетілетін қызметке (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет алушылар) өтінімін мұнай өнімдерін өндіруші жеткізу айының алдындағы айдың 30-күніне дейін қабылдайды.";
66, 67 және 68-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"66. Мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеудің негізгі қуат иесі өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ақпараттық жүйе арқылы ұсынылған материалдарды Қағидалардың 65-тармағына сәйкестігін тексереді және өтінім берушіні қол қойылған шарт жобасын жібере отырып және/немесе ұсынылмаған құжаттарды беру қажеттілігін көрсетіп шешім туралы хабардар етеді.
67. Негізгі қуат иесі ағымдағы айдың 25-күніне дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында алдыңғы айда мұнайды және (немесе) газ конденсатын, және (немесе) қайта өңдеу өнімдерін өңдеудің нақты көлемдері туралы ақпаратты орналастырады.
68. Мұнай өнімдерін өндіруші мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту көлемдері туралы деректердің ақпараттық жүйеге енгізілуін қамтамасыз етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Отын-энергетика кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының міндетін атқарушы |
Б. Самбетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі