Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 128 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 шiлдеде № 36450 болып тіркелді

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты күшіне енгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
С. Жарасбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
міндетін атқарушы
2025 жылғы 10 шілдедегі
№ 128 бұйрықпен
бекітіледі

Мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы мамандандырылған спорт сыныптарының жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және жалпы білім беретін мектептер базасында тереңдетілген оқу-жаттығу процесі негізінде әртүрлі спорт түрлері бойынша білім алушылар мен тәрбиеленушілердің спорттық даярлығын жүзеге асыратын мамандандырылған спорт сыныптары қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Әртүрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптары жалпы білім беретін мектептердегі қызметін "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 болып тіркелген) (бұдан әрі – Үлгілік оқу жоспарлары).

      3. Мамандандырылған спорт сыныптары қызметінің негізгі мақсаттары:

      1) дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт резервін дайындауды жүзеге асыру;

      2) жалпы білім беретін мектепте оқуды оқу-жаттығу үдерісімен ұтымды ұштастыру үшін жағдай жасау.

      4. Дене шынықтыру-спорт ұйымы жүзеге асырады:

      1) оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру және өткізу;

      2) спорттық іс-шараларға және жаттығу жиындарына қатысу;

      3) спорттық мүкәммалмен және жабдықтармен қамтамасыз ету.

2 тарау. Әртүрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптарының қызмет тәртібі

      5. Әр түрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптары жалпы білім беретін мектепте 5-11 сынып оқушылары үшін ашылады.

      6. Мамандандырылған спорт сыныптарын ашу туралы шешім дене шынықтыру-спорт ұйымы және білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша жалпы білім беретін мектеп директорының шешімімен қабылданады.

      7. Әр түрлі спорт түрлері бойынша мамандандырылған спорт сыныптары спорттық қабілеті жоғары және келешегі бар білім алушылардың қатарынан жасақталады

      8. Мамандандырылған спорт сыныптарына қабылдау дене шынықтыру-спорт ұйымының ұсынымы болған жағдайда, білім алушының ата-анасының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде жалпы білім беретін мектеп директорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

      9. Мамандандырылған спорт сыныптарында оқу-тәрбие процесі жалпы білім беретін мектептің оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Әр түрлі спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу сабақтары дене шынықтыру-спорт ұйымының оқу бағдарламалары мен оқу жоспары бойынша өткізіледі.

      10. Жаттықтырушы-оқытушы білім алушыны жеке дайындық жоспары бойынша бағалайды

      11. Мамандандырылған спорт сыныптары үшін жалпы білім беретін пәндер мен оқу-жаттығу процестері бойынша сабақтар кестесі дене шынықтыру-спорт ұйымы басшысының келісімі бойынша жалпы білім беретін мектеп директорының шешімімен бекітіледі

      12. Мамандандырылған спорт сыныптарындағы оқу-жаттығу процесін дене шынықтыру-спорт ұйымының жаттықтырушы-оқытушы құрамы ұйымдастырады.

      13. Жаттықтырушы-оқытушылардың оқу жүктемесінің сағатын анықтау үлгілік оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Об утверждении Правил функционирования специализированных спортивных классов

Приказ и.о. Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 10 июля 2025 года № 128. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 июля 2025 года № 36450

      В соответствии с пунктом 5 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила функционирования специализированных спортивных классов согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету по делам спорта и физической культуры Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра туризма и спорта Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности министра
туризма и спорта Республики Казахстан
С. Жарасбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Исполняющий обязанности
министра туризма и спорта
Республики Казахстан
от 10 июля 2025 года № 128

Правила функционирования специализированных спортивных классов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила функционирования специализированных спортивных классов (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 15 Закона Республики Казахстан "О физической культуре и спорте" и определяют порядок деятельности специализированных спортивных классов на базе общеобразовательных школ осуществляющие спортивную подготовку обучающихся и воспитанников по различным видам спорта, на основе углубленного учебно-тренировочного процесса.

      2. Специализированные спортивные классы по различным видам спорта осуществляют деятельность в общеобразовательных школах в соответствии с приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 ноября 2012 года № 500 "Об утверждении типовых учебных планов начального, основного среднего, общего среднего образования Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8170) (далее – Типовые учебные планы).

      3. Основными целями деятельности специализированных спортивных классов являются:

      1) осуществление подготовки спортивного резерва в физкультурно-спортивных организациях;

      2) создание условий для рационального сочетания обучения в общеобразовательной школе с учебно-тренировочным процессом.

      4. Физкультурно-спортивной организацией осуществляется:

      1) организация и проведение учебно-тренировочного процесса;

      2) участие в спортивных мероприятиях и тренировочных сборах;

      3) обеспечение спортивным инвентарем и экипировкой.

Глава 2. Порядок деятельности специализированных спортивных классов по различным видам спорта

      5. Специализированные спортивные классы по различным видам спорта открываются в общеобразовательной школе для учащихся с 5 по 11 класс.

      6. Решение об открытии специализированных спортивных классов принимается решением директора общеобразовательной школы по согласованию с физкультурно-спортивной организацией и местными исполнительными органами в области образования, физической культуры и спорта.

      7. Специализированные спортивные классы по различным видам спорта комплектуются из числа наиболее перспективных в спортивном отношении обучающихся.

      8. Зачисление в специализированные спортивные классы осуществляется на основании приказа директора общеобразовательной школы по заявлению родителя (законных представителей) обучающегося при наличии рекомендации физкультурно-спортивной организации.

      9. В специализированных спортивных классах учебно-воспитательный процесс осуществляется в соответствии с рабочими учебными планами и рабочими учебными программами общеобразовательной школы. Учебно-тренировочные занятия по различным видам спорта проводятся по учебным программам и учебным планам физкультурно-спортивной организации.

      10. Тренер-преподаватель оценивает обучающегося по индивидуальному плану подготовки.

      11. Расписание занятий по общеобразовательным предметам и учебно-тренировочным процессам для специализированных спортивных классов утверждается решением директора общеобразовательной школы по согласованию с руководителем физкультурно-спортивной организации.

      12. Учебно-тренировочный процесс в специализированных спортивных классах организует тренерско-преподавательский состав физкультурно-спортивной организации.

      13. Определение часов учебной нагрузки тренеров-преподавателей проводится в соответствии с Типовыми учебными планами.