БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыста басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы |
М. Турлубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының басшысы 2025 жылғы 9 шілдедегі № 22 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 226 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс уақыты индикаторларын қалыптастыру жөніндегі әдістемеде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Әдістемеде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі – ЕСХК) қабылданған анықтамалар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.".
2. "Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13215 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санын, олардың орташа айлық табыстарының деңгейiн және жұмыссыз халықтың санын анықтау әдістемесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әдістемеде Қазақстан Республикасының Жер кодексінде, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, "Мемлекеттік статистика туралы", "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалған ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында қабылданған ұғымдар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі - ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.";
12 және 13 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жеке қосалқы шаруашылығында өндіретін өнімді пайдаланатын халық келесі топтарға бөлінеді:
тек өз тұтынуымыз үшін;
ішінара тұтыну үшін, айырбастау (сату) үшін;
айырбас (сату) үшін.
13. Халықты топтарға бөлу жеке қосалқы шаруашылықта жұмыс істейтін және өнімді тек өз тұтынуы үшін өндіретін адамдарды анықтайды және жұмыспен қамтылғандар санатынан шығарады.";
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"27. Зерттелетін айда респонденттердің алған табысы зерттеуге сәйкес жиынтық табыстың сомасына сәйкес бөлінеді.
28. Интервалдық топтамаға сәйкес орташа айлық табыстың деңгейі бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың санын бөлу туралы ресми статистикалық ақпарат тоқсан сайын:
тұратын жерінің типін;
өңірін;
жұмыспен қамтылу мәртебесін;
негізгі экономикалық қызмет түрлерін (Жалпы экономикалық қызмет түрлері жіктеуішінің секцияларына сәйкес) ескере отырып қалыптастырылады.".
3. "Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 132 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14070 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың жұмыспен қамтылуын зерттеу бойынша үй шаруашылықтарының іріктемесін құру әдістемесінде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Әдістемеде Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мәндердегі ұғымдар, сонымен қатар Еңбек Статистиктерінің Халықаралық Конференциясында (бұдан әрі – ЕСХК) қабылданған анықтамалар және Халықаралық Еңбек Ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ұсынымдары қолданылады.".
4. "Халықтың бейресми жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 328 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14743 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 34) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың бейресми жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістемеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Халықтың бейресми жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін қалыптастыру бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы еңбек нарығының көрсеткіштерін қалыптастыру кезінде қолданады.".