БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Допингке қарсы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 18 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9812 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының допингке қарсы қағидаларында:
2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
1) допинг-бақылау – тестілер өткізуді жоспарлауды, сынамалар алуды, оларды сақтауды, тасымалдауды, сынамаларды зертханалық талдауды, тестілеуден кейінгі рәсімдерді, сондай-ақ тиісті тыңдаулар өткізу мен апелляцияларды қарауды қамтитын процесс;
2) допингке қарсы әкімшілендіру және менеджмент жүйесі – бұл деректерді енгізу, сақтау, тарату және есептерді жасау жолымен интернетте орналасқан деректер базасын басқаруға арналған, мүдделі тараптарға және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтай отырып, олардың допингке қарсы қызметінде көмек көрсету үшін әзірленген жүйе;
3) жарыс кезеңі – спортшының және (немесе) жануардың нақты спорттық жарысқа қатысу кезеңі;
4) жарыстан тыс кезең – жарыстан тыс кезеңде енгізілмеген уақыт;
5) спорттағы тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер (бұдан әрі – допинг) – Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның және Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген химиялық қоспалар (заттар, дәрілер) мен әдістер, оның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер тізбелеріне енгізілген субстанцияларды және (немесе) әдісті пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену;
6) спортшы – таңдаған спорт түрімен (түрлерімен) айналысатын және спорттық жарыстарда өнер көрсететін жеке адам;
7) терапевтік пайдалану – терапевтік пайдалану жөніндегі халықаралық стандарт негізінде берілетін терапевтік пайдалануға рұқсат;
8) тестілеу – сынамаларды бөлу жоспарын құруды, сынамаларды алуды, олармен жұмыс істеуді, сондай-ақ сынамаларды зертханаға жеткізуді қамтитын допинг-бақылау процесінің бір бөлігі.
3. Спортта допингті қолдануды болдырмау мақсатында Ұлттық допингке қарсы ұйым "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 44-1-бабы 10) тармақшасына және "Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес жұмысты атқарады, олар мынадай мәселелер бойынша жаңартылған және нақты ақпарат беруге бағытталған жұмысты жүргізеді:
1) допингтің спорттың этикалық құндылықтарына келтіретін зияны;
2) допингті қолданудың денсаулық үшін салдары;
3) допинг-бақылау рәсімдері;
4) Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексі және тиісті спорт ұйымдары мен допингке қарсы ұйымдардың допингке қарсы саясаты туралы, оның ішінде допингке қарсы ережелерді бұзудың салдарлары туралы ақпаратты қоса алғанда, допингке қарсы күреске байланысты спортшылардың құқықтары мен міндеттері;
5) тыйым салынған субстанциялар мен әдістердің, сондай-ақ допингті терапевтік пайдалануға рұқсаттардың тізімі;
6) тағамдық қоспалар.";
6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Допинг-бақылау мақсатында аккредиттелген республикалық (өңірлік) немесе жергілікті спорт федерациялары спортшыларды тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі.
7. Тізім Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2021 жылғы 1 қаңтарда бекіткен тестілеу және тексеру жөніндегі халықаралық стандартта (бұдан әрі - тестілеу және тексеру жөніндегі халықаралық стандарт) көзделген өлшемдерге сәйкес аккредиттелген республикалық (өңірлік) немесе жергілікті спорт федерацияларының ақпараты бойынша жасалады.";
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қалыптастырылған тізім Ұлттық допингке қарсы ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады және аккредиттелген ұлттық спорт федерацияларына жіберіледі.
10. Аккредиттелген ұлттық немесе жергілікті спорт федерациялары Тізімді Ұлттық допингке қарсы ұйымның интернет-ресурсында орналастырған күннен бастап күнтізбелік 5 күн ішінде спортшыларды (телефон, факсимильдік байланыс, электрондық пошта немесе тапсырыс хатпен) осы Тізімге енгізілгені туралы хабардар етеді.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Спорттық қызметті қайта бастау туралы ниет білдірген спортшы тиісті аккредиттелген ұлттық спорт федерациясын және Ұлттық допингке қарсы ұйымды спортқа қайта оралудың жоспарланған күнінен 6 ай бұрын жазбаша хабардар етеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Зертхана сынамаларға талдау жүргізеді және талдау нәтижелерін Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2021 жылғы 1 қаңтардағы бекіткен зертханаларға арналған халықаралық стандартқа сәйкес тиісті допингке қарсы ұйымға, халықаралық федерацияға ұсынады.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Спорттағы допингке қарсы күрес мақсатында допингке қарсы қағидаларды ықтимал бұзу фактілері анықталғаннан кейін тестілеу және тексеру жөніндегі халықаралық стандартқа сәйкес спортшыларға, жаттықтырушыларға, жаттықтырушы-оқытушыларға, спорттық медицина жөніндегі мамандарға, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандарға қатысты тексеру және тыңдау жүргізеді.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Ұлттық допингке қарсы ұйым күнтізбелік 7 күн ішінде спортшыға немесе жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыға, спорттық медицина жөніндегі маманға, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маманға, аккредиттелген ұлттық спорт федерациясына, халықаралық спорт федерациясына және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігіне допингке қарсы қағидалардың ықтимал бұзылу фактілері туралы хабарлама (телефон, факсимильдік байланыс, электрондық пошта немесе тапсырыс хатпен) жібереді.";
25, 26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Осы Қағидалардың 22-тармағының 1) және 2) тармақшаларының ықтимал бұзылуын тексеру кезде:
1) Ұлттық допингке қарсы ұйым 10 күнтізбелік күн ішінде спортшыдан тағылған айып бойынша жазбаша түсініктеме және Б сынамасын ашу және талдау туралы келісім алады. Спортшының Б сынамасын талдауды жүзеге асырудан бас тартуы А сынамасын талдау нәтижесін растау үшін негіз болып табылады.
Егер Б сынамасының талдауы А сынамасының талдау нәтижесін растамаған жағдайда, спортшыны, халықаралық спорт федерациясын, аккредиттелген ұлттық спорт федерациясын және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікті міндетті түрде хабардар ете отырып, тест теріс болып саналады.
Егер Б сынамасын талдау А сынамасын талдауды растаған жағдайда, алынған нәтиже туралы спортшыға, спортшының халықаралық спорт федерациясына, аккредиттелген ұлттық спорт федерациясына және Дүниежүзілік допингке қарсы агенттікке хабарланады;
2) Ұлттық допингке қарсы ұйым зертханаға хабарлайды және Б сынамасына талдау жүргізу мерзімін сұратады;
3) зертхана Ұлттық допингке қарсы ұйымға Б сынамасына жүргізілген талдау нәтижесі туралы мәліметтерді жібереді;
4) Ұлттық допингке қарсы ұйым спортшыға:
алынған сынамада допингтің болуы туралы;
бұзылған допингке қарсы қағида туралы;
А және Б сынамаларын зерттеу нәтижелері бойынша құжаттардың көшірмелерін алу туралы;
анықталған факті(лер) бойынша жазбаша түсініктемелер мен толықтырулар беру туралы;
тәртіптік допингке қарсы комиссияда тыңдаулар өткізу туралы ақпараты бар жаңа хабарлама жібереді;
5) спортшыдан немесе жаттықтырушыдан, жаттықтырушы-оқытушыдан, спорттық медицина жөніндегі маманнан, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге маманнан осы жағдайға допингке қарсы қағидалардың бұзылуы мүмкін фактілер туралы қосымша ақпарат алған жағдайда, Ұлттық допингке қарсы ұйымның қызметкерлері осы талдау нәтижесіне себеп болған допингтің бар немесе жоқ екенін анықтау тұрғысынан барлық фактілерді тексереді.
26. Осы Қағидалардың 22-тармағының 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларының ықтимал бұзушылықтарын тексеру кезінде спортшыдан немесе жаттықтырушыдан, жаттықтырушы-оқытушыдан, спорттық медицина жөніндегі маманнан, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге маманнан осы жағдай бойынша ақпарат алғаннан кейін фактілердің дұрыстығын нақтылық тұрғысынан Ұлттық допингке қарсы ұйымның қызметкерлері тексереді.
Ұлттық допингке қарсы ұйымның қызметкерлері тиісті ұйымдарға сұрау жібереді, спортшы немесе жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы, спорттық медицина жөніндегі маман, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман сілтеме жасаған адамдардан жауап алынып отырған адамның айғақтарын хаттама жасау жолымен тіркеп сұрайды.
27. Тексеру жүргізу кезінде спортшының Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік 2021 жылғы 1 қаңтарда бекіткен терапевтік пайдалану жөніндегі халықаралық стандартқа сәйкес берілген допингті терапевтік пайдалануға рұқсатының болуы немесе болмауы тексеріледі.";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Ұлттық допингке қарсы ұйым Тәртіптік комиссияның дәлелді шешімі қабылданғаннан кейін күнтізбелік 3 күннен кешіктірмей спортшыға немесе жаттықтырушыға, жаттықтырушы-оқытушыға, спорттық медицина жөніндегі маманға, дене шынықтыру, спорт саласындағы өзге де маманға, аккредиттелген ұлттық спорт федерациясына және халықаралық допингке қарсы ұйымдарға жібереді.";
39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Спортшылардың, жаттықтырушылардың, жаттықтырушы-оқытушылардың, спорттық медицина жөніндегі мамандардың, дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандардың допингке қарсы қағидаларды бұзуы туралы Тәртіптік комиссияның шешімі осы Қағидалардың 38-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған жағдайда немесе Апелляциялық комиссияның апелляциялық шағымды қарау нәтижелері бойынша шаралар қабылдау үшін аккредиттелген ұлттық спорт федерациясына жіберіледі.
40. Аккредиттелген ұлттық және жергілікті спорт федерациясы Тәртіптік комиссияның шешімі негізінде спорттық жарысқа қатысатын спортшылар мен жануарларға қатысты шараларды, оның ішінде спорттық жарыстан дисквалификациялауды қолданады және бұл туралы дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органды, Ұлттық допингке қарсы ұйымды, халықаралық спорт федерациясын хабардар етеді.".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушы |
Е. Еркинбаев |