БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 722 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21863 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында қызмет өткеру үшін адамдар денсаулық жағдайына қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бағандар бойынша азаматтардың (әскери қызметшілердің) әскери қызметке денсаулық жағдайына қойылатын талаптар (бұдан әрі – Бағандар бойынша талаптар) осы талаптарға 1-қосымшада айқындалған және мыналарға қойылады:
1) І баған бойынша:
әскерге шақыру учаскелеріне тіркелетін азаматтарға;
мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі – ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктелетін азаматтарға;
жалпы орта білімнің жалпы білім беру бағдарламасын іске асыратын (бұдан әрі – мектептер) әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО) оқуға түсетін азаматтарға және оның тәрбиеленушілеріне;
2) ІІ баған бойынша:
техникалық және кәсіптік, жоғары білім бағдарламасын іске асыратын ӘОО-ға оқуға түсетін азаматтарға (әскери қызметшілерге);
жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) оқуға түсетін және онда оқитын азаматтарға;
запастағы қатардағы жауынгерлер, сержанттар қатарынан келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтарға, сондай-ақ әскери атағы жоқ әйелдерге;
запастағы қатардағы жауынгерлер, сержанттар қатарынан резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға;
қатардағы жауынгер және сержант құрамының әскери лауазымында резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша өтеулі негізде даярлау үшін іріктелетін азаматтарға;
мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілеріне;
әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалғанға дейін ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);
есепке алу мақсатында әскери жиынға шақырылатын және одан өтетін запастағы қатардағы жауынгерлер мен сержанттарға;
3) ІІІ баған бойынша:
әскери қызметке шақырылатын және келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіретін запастағы офицерлерге;
офицер құрамының әскери лауазымында резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыратын ӘОО-ға оқуға түсетін әскери қызметшілерге;
әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасалғаннан кейін ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);
есепке алу мақсатында әскери жиынға шақырылатын және одан өтетін запастағы офицерлерге;
4) ІV баған бойынша:
Десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі – ДШӘ), Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі – ӘТК), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі – АрнМақБ) келісімшарт бойынша әскери қызмет немесе резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге (келісімшарт бойынша әскери қызметке немесе резервтегі әскери қызметке кіретін азаматтарға), әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге – талаптар арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабылдау бөлімшелері және барлау бөлімшелері үшін, жауынгерлік жүзгіштерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына;
танкілерді және басқа да машиналарды суасты жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатын әскери қызметшілерге (әскери жиынға шақырылған азаматтарға).";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Бағандар бойынша талаптарда әскери қызметке жарамдылықтың мынадай санаттары көзделген:
А – әскери қызметке жарамды;
Б – әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды;
В – әскери қызметке шектеулі жарамды (келісімшарт бойынша әскери қызмет немесе резервте әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге қатысты);
Г – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
Д – әскери қызметке бейбіт уақытта жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
Е – әскери есептен шығарумен әскери қызметке жарамсыз;
ЖЗ – жеке әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлері мен әскер тектеріндегі, сондай-ақ басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамсыз, ӘОО-ға (мектептерге) оқуға түсуге жарамсыз, зиянды факторлармен әскери қызметке жарамсыз;
В-ДЕРБ – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады және Б немесе В жарамдылық санатын көздейді;
ДЕРБ – жеке әскери-есептік мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің түрлеріндегі және әскер тектеріндегі, сондай-ақ басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы зиянды факторлармен әскери қызметке жарамдылығы дербес айқындалады.
Мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілер үшін Б жарамдылық санаты ДШӘ-дағы (ӘТК-дағы немесе АрнМақБ-дағы) әскери қызметке жарамсыздықты көздейді.
Г жарамдылық санаты келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге, ӘОО-ға және мектептерге оқуға түсуге жарамсыздықты, ал В, Д, және Е жарамдылық санаттары ӘОО-да және мектептерде білім алуға жарамсыздықты көздейді.".
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі |
Д. Косанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік күзет қызметі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі