Дене шынықтыру және спорт туралы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2025 жылғы 30 маусымдағы № 111 Бұйрыққа қосымша |
Спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 65-13) тармақшасына сәйкес әзірленді және спорт түрлері бойынша спорт жарыстары мен оқу-жаттығу жиындарына қатысатын спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) спорт аты иесi – жануар меншiк құқығымен немесе өзге де мүлiктiк құқықпен тиесiлi жеке немесе заңды тұлға;
2) ұстау орны – жануар ұсталатын спорт аты иесімен пайдаланатын ғимараттар, құрылыстар, үй-жайлар немесе жер учаскелері;
3) жауапты тұлға – спорт аттарын есепке алу және есептен шығару журналын жүргізуге дене шынықтыру және спорт ұйымының басшысыммен тағайындалған лауазымды тұлға.
2-тарау. Спорт аттарын тіркеу және есептен шығару тәртібі
3. Спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бiрыңғай күнтізбесiне енгiзiлген спорттық iс-шараларға қатысатын спорт аттары тiркелуге жатады.
4. Спорт аттарын тiркеу Қазақстан Республикасында спорттық iс-шараларға қатысатын спорт аттарын тiркеу мақсатында жүзеге асырылады.
5. Спорт аттарын тiркеу олардың орналасқан жерi бойынша дене шынықтыру және спорт ұйымдарында (бұдан әрi - ДШСҰ) жүзеге асырылады.
6. Спорт аттарын тiркеу Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11127 болып тіркелген) Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес берілген ветеринариялық паспорт негізінде спорт аты иесiмен жүзеге асырылады.
7. Спорт аттарын тiркеу үшiн спорт аты иесімен мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша спорт атының тұқымын, жынысын, туған жылын, лақап атын, микрочип нөмірін көрсете отырып, спорттық атты тіркеу туралы өтініші;
2) спорт атының ветеринариялық паспорты немесе Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6321 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөнiндегi деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді көшірмелер беру қағидаларына сәйкес берілген ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді-көшірме;
3) жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін).
8. Спорт аты иесі құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда, жауапты тұлға 5 (бес) жұмыс күн ішінде:
1) берілген құжаттарды өтiнiмде қамтылған мәлiметтерге сәйкестiгiн тексереді;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спорт аттарын есепке алу және есептен шығару журналына (бұдан әрі – Журнал) енгізеді.
9. Құжаттардың толық топтамасы және/немесе ұсынылған құжаттар мен өтiнiштегi мәлiметтер арасында алшақтық болған жағдайда жауапты тұлға 1 (бір) жұмыс күн ішінде құжаттарды спорт аты иесіне қайтарады.
10. Қайтыс болған жағдайда немесе спорт аты иесiнiң өтiнiшi бойынша ат тiркелген жерi бойынша есептен шығарылады.
11. Есептен шығару спорт аты иесінің өтініші негізінде 3 (үш) жұмыс күн ішінде журналға тиісті мәліметтерді енгізу арқылы жүргізіледі. Есептен шығару үшін өтініш қағаз түрінде спорт аты тiркелген жерi бойынша ДШСҰ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.
12. Журнал қағаз тасығышта жүргiзiледi, нөмiрленедi, тiгiледi және ДШСҰ басшысының қолымен және мөрiмен расталады.
3-тарау. Спорт аттарын пайдалану тәртібі
13. Спорт аттары ат спорты түрлерінен оқу-жаттығу жиындары мен спорттық жарыстарда пайдаланылады.
14. Спорттық жарыстарға қатысуға 4 (төрт) жастан кіші және 20 (жиырма) жастан үлкен емес спорт аттарға рұқсат етіледі.
15. Спорттық іс-шаралар кезінде рұқсат етілмейді:
1) сауыққанға дейін ветеринария саласындағы маманның қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз спорт аттарын пайдалану;
2) ұрып-соғу, жарақаттану және зақымдану;
3) оларды қолдану тиімділігін арттыру мақсатында спорттағы тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер (допингті) қолдану.
16. Жарысқа қатысуға денсаулығы жақсы спорт аттарына рұқсат етіледі. Спорт атының дене жағдайы және оны жарыстарға жіберу туралы шешім ветеринария саласындағы маманның ветеринариялық анықтамасы негізінде қабылданады.
17. Спорттық аттар тамақтандыруға және (немесе) олардың жұмыс қабілетін қалпына келтіруге (демалуға) арналған үзілістермен пайдаланылады.
18. Спорт аттарын спорттық іс-шараларды өткізу орнына тасымалдау Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 19 мамырдағы № 164 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28139 болып тіркелген) бекітілген Жануарларды тасымалдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Спорт атын тiркеу туралы өтiнiш
Спорт атын тіркеуді сұраймын ___________________________________________________
______________________________________________________________________________
(аттың тұқымы, жынысы, туған жылы, аты, микрочип нөмірі)
Ұстайтын жері _________________________________________________________________
(спорт атының тұрақты тұратын жері)
_________________________________________ _____________________________________
(өтініш берілген күн) (қолы, аты-жөні)
Құжаттарды қабылдау күні: 20__ жылғы "__"_____
Құжаттарды қабылдаған тұлғаның толық аты-жөні
(ол болған жағдайда) және қолы:________________
Спорт аттарын тіркеу, есептен шығару және пайдалану қағидаларына 2-қосымша Нысан |
Спорт аттарын есепке алу және есептен шығару журналы
Жазбаның реттік нөмірі | Спорт атының ветеринариялық паспортының нөмірі | Жынысы, тұқымы | Микрочип нөмірі | Лақап аты | Туған жылы |
Иесі (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), | Иесінің мекенжайы | Тiркелген күнi | Есептен шығарылғаны туралы белгі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
1 | |||||||||
2 | |||||||||
3 | |||||||||
4 |
Спорт атын тiркеуден шығару туралы өтiнiш
Спорт атын тіркеуден шығаруды сұраймын _________________________________________
______________________________________________________________________________
(аттың тұқымы, жынысы, туған жылы, аты, микрочип нөмірі)
Ұстайтын жері _________________________________________________________________
(спорт атының тұрақты тұратын жері)
_________________________________ ______________________________________________
(өтініш берілген күн) (қолы, аты-жөні)
Құжаттарды қабылдаған тұлғаның толық аты-жөні
(ол болған жағдайда) және қолы: ________________