Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 1 шiлдедегi № 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 шiлдеде № 36383 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Мынадай:

      1) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28823 болып тіркелген);

      2) "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 14 шілдедегі № 188 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 122 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34548 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
Е. Мырзабосынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
туризм және спорт
министрі
2025 жылғы 1 шілдедегі
№ 115 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және бюджеттік өтінімді қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) зерттеулер – дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы ғылыми қызмет нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында заңды және жеке тұлғалар жүзеге асыратын әлеуметтанушылық, талдамалық, қолданбалы, іргелі, стратегиялық ғылыми зерттеулер;

      2) консалтингтік көрсетілетін қызметтер – дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі, туристік қызмет, туризм және туристік индустрия салаларындағы қызметінің процесінде туындайтын проблемаларды, мүмкіндіктерді айқындау және бағалау не ахуалды егжей-тегжейлі талдау, жұмыстың қаржылық және басқарушылық тиімділігін арттыру үшін кейінгі іс-қимылдарды түзету бойынша тиімді ұсынымдар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

2-тарау. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтер мен мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу тәртібі

      3. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны тікелей және жанама шығыстардың сомасы негізге ала отырып, мынадай формуламен айқындалады:

      Қ = ТШ+ЖШ, мұндағы:

      Қ – зерттеу және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құны;

      ТШ – тікелей шығыстар;

      ЖШ – жанама шығыстар (әкімшілік шығындар).

      4. Зерттеу және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнына мынадай шығындар:

      1) ықтимал шығындарға резервтер қалыптастыру;

      2) өткен кезеңдердің өзге де борыштары мен залалдарын жабу;

      3) демеушілік көмек;

      4) өз кірісінен шығыстары;

      5) жарғылық капиталды ұлғайту;

      6) негізгі құралдарды сатып алу бойынша шығыстар және амортизация шығыстары.

3-тарау. Зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеуге арналған шығындардың түрлері

      5. Тікелей шығыстар зерттеулер мен консалтингтік көрсетілетін қызметтер жүргізумен байланысты мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстары;

      2) тікелей шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері;

      3) өндірістік персоналдың іссапар шығыстарын;

      4) сыртқы сарапшыларды тартуды;

      5) супервайзерлердің немесе жеке тұлғалардың қызметтері (жаппай сауалнамалар, терең сұхбат, кабинеттік зерттеулер жүргізу, фокус-топтар үшін);

      6) өңдеу қызметтері (деректерді енгізу, сауалнамаларды кодтау, статистикалық өңдеудің арнайы бағдарламасында деректерді өңдеу);

      7) тауарлық-материалдық қорларды сатып алуды;

      8) байланыс қызметтері (пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс);

      9) көлік қызметтерін;

      10) полиграфиялық шығыстарды;

      11) жалға беру қызметтерін;

      12) мемлекеттік органдардың ақпараттық дерекқорына қол жеткізуді;

      13) аударма қызметтерін қамтиды.

      6. Жанама шығыстар (әкімшілік шығыстар) көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнына жатпайды және мынадай шығыстарды:

      1) салықтарды және басқа да міндетті аударымдарды ескере отырып, әкімшілік-басқару персоналының еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды;

      2) жанама шығыстар бойынша салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді;

      3) әкімшілік-басқару персоналының іссапар шығыстары;

      4) коммуналдық қызметтерді;

      5) өкілдік шығыстарды;

      6) банктік қызметтерді;

      7) нотариалдық қызметтерді қамтиды.

      7. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету кезінде шығыстардың әрбір бабы (жалақыны, әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын қоспағанда) баға ұсыныстарының (кемінде үш) негізінде қалыптасады.

Об утверждении Правил установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан

Приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 1 июля 2025 года № 115. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 июля 2025 года № 36383

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить Правила установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2022 года №188 "Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Министерства культуры и спорта Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28823);

      2) приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 20 июня 2024 года №122 "О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2022 года №188 "Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания Министерства культуры и спорта Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 34548).

      3. Департаменту финансов Министерства туризма и спорта Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение трех рабочих дней после введения в действие настоящего приказа размещение его на интернет-ресурсе Министерства туризма и спорта Республики Казахстан;

      3) в течение трех рабочих дней после исполнения мероприятий, предусмотренных настоящим пунктом, представление в Департамент юридической службы Министерства туризма и спорта Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на руководителя аппарата Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
Е. Мырзабосынов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр туризма и спорта
Республики Казахстан
от 1 июля 2025 года № 115

Правила установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан.

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стоимости исследований и консалтинговых услуг Министерства туризма и спорта Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок установления стоимости исследований и консалтинговых услуг за счет бюджетных средств при формировании бюджетной заявки.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) исследования – социологические, аналитические, прикладные, фундаментальные, стратегические научные исследования, осуществляемые юридическими и физическими лицами в целях достижения результатов научной деятельности в сферах физической культуры и спорта, игорного бизнеса, лотереи и лотерейной деятельности, туристской деятельности, туризма и туристской индустрии;

      2) консалтинговые услуги – услуги по определению и оценки проблем, возможностей, возникающих в процессе деятельности в сферах физической культуры и спорта, игорного бизнеса, лотереи и лотерейной деятельности, туристской деятельности, туризма и туристской индустрии либо по детальному анализу ситуации, по разработке эффективных рекомендаций по коррекции дальнейших действий для повышения финансовой и управленческой эффективности работы.

Глава 2. Порядок установления стоимости исследований и консалтинговых услуг

      3. Стоимость исследований и консалтинговых услуг устанавливаются исходя из суммы прямых и косвенных расходов по следующей формуле:

      С = ПР+КР, где:

      С – стоимость исследований и консалтинговых услуг;

      ПР- прямые расходы;

      КР-косвенные расходы (административные расходы).

      4. В стоимость исследования и консалтинговой услуги не включаются следующие затраты:

      1) формирование резервов на возможные убытки;

      2) покрытие прочих долгов и убытков прошлых периодов;

      3) спонсорская помощь;

      4) расходы от собственного дохода;

      5) увеличения уставного капитала;

      6) расходы по приобретению основных средств и расходы амортизаций.

Глава 3. Виды затрат для установления стоимости исследований и консалтинговых услуг

      5. Прямые расходы включают следующие расходы, связанные с проведением исследований и консалтинговых услуг:

      1) расходы по оплате труда производственного персонала с учетом налогов и других обязательных отчислений;

      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет по прямым расходам;

      3) командировочные расходы производственного персонала;

      4) привлечение внешних экспертов;

      5) услуги супервайзеров или физических лиц (для проведения массовых опросов, глубинных интервью, кабинетных исследований, фокус-групп);

      6) услуги обработки (ввод данных, кодировка анкет, обработка данных в специальной программе статистической обработки);

      7) приобретение товарно-материальных запасов;

      8) услуги связи (почтовые, курьерские услуги, интернет, услуги телефонной связи, в том числе международная и междугородняя связь);

      9) транспортные услуги;

      10) полиграфические расходы;

      11) услуги аренды;

      12) доступ к информационным базам данных государственных органов;

      13) переводческие услуги.

      6. Косвенные расходы (административные расходы) не относятся к себестоимости оказываемых услуг и включают следующие расходы:

      1) расходы по оплате труда административно-управленческого персонала с учетом налогов и других обязательных отчислений;

      2) налоги и другие обязательные платежи в бюджет по косвенным расходам;

      3) командировочные расходы административно-управленческого персонала;

      4) коммунальные услуги;

      5) представительские расходы;

      6) банковские услуги;

      7) нотариальные услуги.

      7. Каждая статья расходов (за исключением заработных плат, социального налога, налога на добавленную стоимость) при проведении исследования, оказания консалтинговой услуги формируется на основании ценовых предложений (не менее трех).