Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" және 2015 жылғы 20 қарашадағы № 707 "Мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен объектілер құрылысының құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 232 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 шiлдеде № 36367 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 229 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10795) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастырудың және функцияларын жүзеге асырудың қағидаларында:

      10-тармақтың 12) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "12) осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға енгізуге арналған жиынтық сметада жобалау-сметалық құжаттамада көрсетуге жатпайтын, құрылыс аумағын дайындауға (игеруге) және объектіні пайдалануға беруге қажетті қаражат көлемін айқындайды.".

      2. Күші жойылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.05.2026 № 239 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Е. Нагаспаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в приказы Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 "Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)" и от 20 ноября 2015 года № 707 "Об утверждении Правил определения стоимости строительства объектов за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора"

Приказ Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 232. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2025 года № 36367.

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 марта 2015 года № 229 "Об утверждении Правил организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10795) следующее изменение:

      в Правилах организации деятельности и осуществления функций заказчика (застройщика), утвержденных указанным приказом:

      подпункт 12) пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "12) определяет в сводной смете на подготовку (освоение) территории строительства и ввод объекта в эксплуатацию, объем средств, необходимых на подготовку (освоение) территории строительства и ввод объекта в эксплуатацию, не подлежащих указанию в проектно - сметной документации, по форме согласно приложению 1-1 к настоящим Правилам.".

      2. Утратил силу приказом промышленности и строительства РК от 15.05.2026 № 239 (вводится в действие с 01.07.2026).

      3. Комитету по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства промышленности и строительства Республики Казахстан после его первого официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра промышленности и строительства Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр промышленности
и строительства
Республики Казахстан
Е. Нагаспаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан