Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 12-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35052 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Ревизиялық (тексеру) комиссиялардың төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды іріктеу қағидалары және оларды бағалау өлшемшарттарында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Заңның 47-бабының 2-тармағына сәйкес тексеру комиссиясының төрағасын тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ұсынуы және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тексеру комиссиясы мүшелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихаты тексеру комиссиясы төрағасының ұсынуы және Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша бес жыл мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.";
12, 13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Комиссияның шешімі хаттама түрінде еркін нысанда қағаз түрінде ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен оның отырысына қатысқан мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды.
Комиссияның қабылданған шешімі тексеру комиссиялары мүшелерінің лауазымына кандидаттар үшін іріктеудің нәтижесі болып табылады.
13. Персоналды басқару қызметі тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшелерінің лауазымдарына кандидаттарды электрондық пошталарына хабарлама жіберу арқылы комиссияның шешімі туралы хабардар етеді.
14. Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына кандидаттарды іріктеу нәтижелері іріктеу өткізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылады.
15. Тексеру комиссиясының төрағасы Жоғары аудиторлық палатамен келісу бойынша тексеру комиссиясының мүшелері лауазымына іріктелгендер арасынан кандидатты тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатына Заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес тағайындау үшін ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 15-1-тармақпен толықтырылсын:
"15-1. Тексеру комиссияларының төрағасы лауазымына кандидаттар Комиссия іріктегеннен кейін қосымша Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасымен әңгімелесуден өтеді, бұл жөнінде олар әңгімелесу өтетін күнге дейін жеті жұмыс күні бұрын хабарланады.";
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Тексеру комиссияларының төрағасы лауазымына кандидаттарды іріктеу нәтижелері Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасымен әңгімелесу өткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылады.".
2. Жоғары аудиторлық палатаның Заң департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулының Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы |
А. Смаилов |