"Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. "Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің және мемлекеттік тапсырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 12 шілдедегі № 261 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34735 болып тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қаржы және корпоративтік басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 219 бұйрығымен бекітілген |
Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілейтін қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және өнеркәсіп және құрылыс саласындағы зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін анықтайды.
2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібі
2. Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу кезінде орындаушының осы Қағидалардың 7 тармағында көрсетілген негіздейтін құжаттармен расталған тікелей және жанама шығыстары ескеріледі.
3. Орындаушының тікелей шығыстарына жүргізілетін зерттеулермен, көрсетілетін консалтингтік қызметтермен тікелей байланысты шығыстар жатады.
Жанама шығыстарға орындаушының тұтастай қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті, бірақ зерттеулер жүргізу, консалтингтік қызметтер көрсету процесінде тікелей қолданылмайтын шығыстар жатады.
4. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
мұнда,
Қ – зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құны;
Ш ж – жанама шығыстар.
5. Тікелей шығыстарға мыналар жатады:
1) зерттеулерді, консалтингтік көрсетілетін қызметтерді тікелей жүзеге асыратын персоналдың еңбекақысы;
2) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін тікелей персоналға қатысты салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар;
3) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін тікелей персоналдың іссапар шығыстары (ел ішіндегі және (немесе) елден тыс жерлердегі қызметтік сапарлар);
4) сарапшыларды тарту (бірлесіп орындаушылар) (шығыстар орындалатын жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен шекті көлемінен аспау қажет);
5) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын тауарлар мен материалдарды сатып алу;
6) зерттеулер жүргізу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу;
7) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын байланыс қызметтері;
8) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үй-жайларды жалға алу төлемі;
9) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін ақпараттық дерекқорларға жазылу және қолжетімділік;
10) зерттеулер материалдарын жариялау шығыстары;
11) зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері.
6. Жанама шығыстар мынадай шығыстарды:
1) әкімшілік персоналының еңбек ақысын;
2) зерттеу жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін тікелей персоналға қатысты төлемдерді қоспағанда, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды;
3) негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсетуді және жөндеуді;
4) өзге де шығыстарды (режимдік объектілерді қүзету қызметтері, банктік қызметтер, полиграфиялық және типографиялық шығыстар, курьерлік қызметтер) қамтиды.
7. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін бюджеттік сұраным қалыптастыруда шығыстардың әрбір бабы негіздеме құжаттармен расталады (орындаушының штаттық кестесі, есептер, шарттар көшірмесі, кемінде үш дана баға ұсыныстары).
8. Зерттеу жүргізу, консалтингтік қызмет көрсету үшін қажетті тауарлардың құнын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталынан орташа баға пайдаланылады.