ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылықты үйлестіру департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2025 жылғы 25 маусымдағы № 463 Бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18961 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабы 1-тармағы 8-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымының қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын өндіруді, өткізуді (сату), беруді, сыйға тартуды, марапаттап беруді, мұраға қалдыруды, сатып алуды, коллекциялауды, экспонаттауды, есепке алуды, сақтауды, алып жүруді, тасымалдауды, пайдалануды, алып қоюды, жоюды, Қазақстан Республикасы аумағына әкелуді, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуді, Қазақстан Республикасы арқылы транзитін қоса алғанда айналымын реттейді.
Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарының, сондай-ақ суық қарудың айналымы тәртібі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қару-жарақ пен әскери техника айналымының қағидаларында айқындалады.
Сот, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдары қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер деп таныған қару және оқ-дәрілерді алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртібі "Соттың, прокуратура, қылмыстық қудалау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелерді, алып қойылған құжаттарды, ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны, есірткіні, психотроптық заттарды алып қою, есепке алу, сақтау, беру және жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1291 қаулысында белгіленген.
Әкімшілік және азаматтық істер бойынша алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қару, оның патрондарын қабылдау, есепке алу, сақтау және сақталуын қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 150 бұйрығымен бекітілген Алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларымен (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10565 болып тіркелген) анықталады.";
11-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) үрлемелі қуаты 7,5 Джоульден (бұдан әрі – Дж) аспайтын және конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарды қоса алғанда, 4,5 мм дейінгі калибрлі белгi беретін, қару, пневматикалық қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20674 тіркелді) 2020 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының № 64 бұйрығымен бекітілген соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамалар, "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" 2020 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) (бұдан әрі – "Психиатрия" және "Наркология" психикалық денсаулық орталықтарынан алынған мәліметтер) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастарды және наркологиялық науқастарды динамикалық байқау (не динамикалық байқаудың болмауы) туралы мәліметтер, "Азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы" 2019 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 536 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18849 болып тіркелген) (бұдан әрі – даярлау бағдарламасынан өткені туралы анықтама) азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуіне азаматтық және қызметтік қару иелері мен пайдаланушыларының даярлау (қайта даярлау) бағдарламасынан өткені туралы анықтамалар ұсынылғаннан кейін оларды сатып алу рұқсатынсыз он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына өткізеді.
Заңды тұлғаларға көрсетілген қару оны сатып алуға рұқсаттар бойынша сатылады.
Азаматтық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттары бар адамдар, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет өткеру орнынан мөрмен басылған уәкілетті адамның қол таңбасымен құжаттарды ұсынған жағдайында), көрсетілген қаруды соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамаларды, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы туралы мәліметтерді ұсынбай сатып ала алады.
Сатып алушы ұсынған анықтамалар, мәліметтер, рұқсаттардың көшірмелері және жеке басын куәландыратын мәліметтер тігіледі және есептік құжаттамамен он жыл сақталады, оларды электрондық түрде сақтауға жол беріледі;
Механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, және қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты жүргізгеннен кейін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша жұмыс істеп тұрған мамандандырылған дүкендерде қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.
Оқсыз атылатын қаруды жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары Заңның 12-бабының 8) және 8-1) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға, коллекциялауға лицензиясы бар жеке және заңды тұлғаларға сатуға құқылы.";
59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"59. Азаматтық атыс қаруды, газды тапаншалар мен револверлерді, электр қаруын азаматтар ішкі істер органдары беретін рұқсат бойынша сатып алады.
Аңшылық суық жүзді қару атыс қаруын сақтау және алып жүру рұқсаты бойынша сатып алынады және аңшылық куәлігіне жазылады.
Белгі беру қаруы, үрлемелі қуаты 7,5 Дж-дан аспайтындарын және калибрі 4,5 миллиметрге дейінгілерін қоса алғанда, конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған азаматына соттылығы жоқтығы туралы, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан мәліметтерді және дайындық бағдарламасынан өткені туралы анықтамаларды ұсынғаннан кейін рұқсат алмай оларды жеткізіп беруші заңды тұлғалардан сатып алуға құқығы бар.
Азаматтық қаруды сақтау мен алып жүруге рұқсаттары бар адамдар, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, сондай-ақ арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының әскери қызметшілері, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері қызмет өткеру орнынан мөрмен басылған уәкілетті адамның қол таңбасымен құжаттарды ұсынған жағдайында), көрсетілген қаруды соттылығының болуы не болмауы туралы анықтамаларды, "Психиатрия" және "Наркология" Психикалық денсаулық орталығынан және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуі бойынша тексерістен өткені туралы мәліметтерді ұсынбай сатып ала алады.
Механикалық тозаңдатқыштар, көзден жас ағызатын немесе тітіркендіргіш заттармен жарақталған аэрозолды және басқа да құрылғылар жеткізіп беруші заңды тұлғалардың сатушылары он сегіз жасқа толған, және қаруды қауіпсіз ұстау қағидалары бойынша нұсқамалықты жүргізгеннен кейін, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары саудасы бойынша жұмыс істеп тұрған мамандандырылған дүкендерде қару мен оның патрондарының келіп түсуін және сатылуын есепке алу кітабында, "сатып алуға рұқсаттар берудің нөмірі мен күні" бағанасында нұсқамалық алынғаны жөнінде сатып алушының қол таңбасын ұсынумен, оларды сатып алу рұқсатынсыз Қазақстан Республикасы азаматтарына сатады.";
65-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, сондай-ақ арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (қызмет өткеріп жатқан жері бойынша уәкілетті адамның мөрімен және қолтаңбамен расталған құжатты ұсынған жағдайда) азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсы көрсетілімдерінің жоқтығы туралы медициналық қорытындыны ұсынбай алады.";
2. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 254 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20184 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлер үшін: |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, жасау, сату, пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Барлық кіші түрлер үшін: |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым даналарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасы арқылы транзит жасауға қорытындылар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру үшін: |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
1) жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беру үшін: |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғалар жұмыскерлеріне қызметтік қару және оған патрондарды сақтауға және алып жүруге рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі |
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру үшін: |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлғаларға азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға рұқсат беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтауға рұқсаттар беру" мемлекеттiк қызмет көрсету қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электрондық түрде (ішінара автоматтандырылған) |
";
3. "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары айналымы саласында екінші санаттағы рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 22 қыркүйектегі № 637 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 21281 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алуға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Азаматтық және қызметтік қаруға және оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытынды. |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға, сақтау мен алып жүруге рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Азаматтық және қызметтік қаруға және оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытынды. |
";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын тасымалдауға рұқсат беру кезіндегі рұқсат беру талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Азаматтық және қызметтік қаруға және оның патрондарына рұқсаты бар адамдарда қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқтығы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 076/е нысаны бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген қаруды иеленуге қарсы көрсетпелердің жоқ екені туралы медициналық қорытындының электрондық көшірмесі. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, сондай-ақ арнаулы атақтары мен сыныптық шендері бар мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарын қоспағанда, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері (қызмет өткеру орнының уәкілетті адамының мөрімен және қолтаңбасымен расталған құжатты ұсынған жағдайда) азаматтық қаруды сатып алуға рұқсатты қару ұстауға қарсылық жоқ екені туралы медициналық қорытындыны ұсынбай алады. |
".