БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оның экономикалық қолжетімділігін арттыру үшін жүзеге асырылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Субсидиялар кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырманы өтеуді болжайды.
Субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға дайын өнімді өндіру және өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы және алдыңғы жылдың төртінші тоқсанына сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.
2025 жылы субсидиялар өңдеуші кәсіпорындарға дайын өнімді өндіру және өткізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден, ауыл шаруашылығы кооперативтері мен дайындаушы ұйымдардан ауыл шаруашылығы өнімдерін ағымдағы жылы, сонымен қатар алдыңғы жылдың үшінші және төртінші тоқсанында сатып алуға кеткен шығындары үшін төленеді.";
20-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20-2. Агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, мың теңге = агроөнеркәсіптік кешеннің заттай мәндегі өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі, тонна х агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе қызметтің) бағасы, мың теңге.
Еңсерілмейтін күштің (табиғи-климаттық жағдайлардың, фитосанитариялық және эпизоотиялық жағдайлардың нашарлауы) салдарынан міндеттемелер орындалмаған жағдайда, өңдеуші кәсіпорын СМАЖ-ға осы фактіні растайтын құжатты (Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген ауа райы жағдайлары туралы анықтаманы және (немесе) ЖАО-ның карантинді немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешімін және (немесе) жануарлардың ауруын анықтау туралы сараптама актісін (сынақ хаттамасы) және (немесе) егістіктердің зиянкестермен және өсімдіктердің ауруларымен зақымдануы туралы актіні) орналастырады.
Ағымдағы жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі мен өткен жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі арасындағы айырма арқылы есептелетін теріс ауытқу жағдайында (осы Қағидаларға 6-қосымшаның 8-бағаны) қарсы міндеттеме орындалмаған болып есептеледі. Қарсы міндеттемелерді алғашқы қабылдау кезінде ауытқу нөлге тең болады.
Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан бірінші рет міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылы 1 (бір) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады. Алдыңғы 2 (екі) жыл қатарынан екінші рет және одан кейін де міндеттемелер орындалмаған және еңсерілмейтін күштің мән-жайларының басталғанын растайтын құжаттар болмаған жағдайда, ағымдағы күнтізбелік жылда 2 (екі) жылға субсидиялар алуға өтінім беру мүмкіндігі тоқтатылады.
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ресми ұсынылған ақпаратына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтердің) орташа республикалық бағалар туралы деректерді осы Қағидаларды әзірлеуші 2025 жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде СМАЖ-ға орналастырады. Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің бағасы 2024 жылғы тұрақты негізде белгіленеді. Ресми статистикалық ақпаратта баға туралы деректер болмаған жағдайда, баламалы көздерден алынған деректер немесе өнімнің осы түрін өндіретін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың 5 (бес) агроөнеркәсіптік кешен субъектсінің орташа бағасы пайдаланылатын болады.
Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпаратты өңдеуші кәсіпорын осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға өтінім берілгенге дейін 20 қаңтардан бастап ағымдағы жылдың соңына дейінгі мерзімде Жеке кабинетінде толтырады және электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды. Қарсы міндеттемелер туралы мәліметтер осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша қарсы міндеттемелер тізілімінде көрсетіледі және пайдаланушылар үшін жалпыға қолжетімді болып табылады.
Бұл ретте ағымдағы жылы мемлекеттік тіркеуден өткен өңдеуші кәсіпорындар өткен жылғы жалпы өнім көлемін "0" мәнінде көрсетеді.
Өңдеуші кәсіпорындар осы Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі туралы ақпаратты толтыру кезінде қателіктер жіберген жағдайда, агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтердің) көлемі бойынша деректерді субсидия алуға өтінім бергенге дейін бір рет түзетуге жол беріледі.
Қайта өңдеуші кәсіпорынның қарсы міндеттемелерді орындау деңгейі СМАЖ-да белгіленеді.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру жоспарына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем шоттарын СМАЖ-да қалыптастырады.
Тиісті қаржы жылына арналған қаржыландыру жоспарына сәйкес өңдеуші кәсіпорындардың шығындарын субсидиялауға көзделген қаражат жетіспеген кезде өтінімдер резервке (күту парағына) келіп түседі.
Резервке (күту парағына) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражатын бөлу кезінде өтінімдердің келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады.
Өтінім бойынша субсидиялар сомасын толық төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған кезде субсидиялар сомасын бөліктерге бөлуге жол беріледі. Өңдеуші кәсіпорынға субсидиялар сомасын бөліктерге бөлу туралы хабарлама осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жолданады. Бұл ретте субсидиялар сомасының төленбеген қалдығы келесі айда не ағымдағы қаржы жылында не келесі қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде төленеді.
Субсидиялар нормативтері мен субсидияларды есептеу тәртібі өзгерген жағдайда резервке (күту парағына) енгізілген өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу субсидиялар нормативтеріне және өтінімдерді беру сәтінде қолданыста болған субсидияларды есептеу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
Өтінімді резервке (күту парағына) енгізу туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі. Өтінімнің резервте (күту парағында) болу кезеңі мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне енгізілмейді.
Тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жергілікті бюджетте көзделген сомалардан мәлімделген субсидиялар көлемі асып кеткен кезде жергілікті бюджеттен қосымша қаражат Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті жергілікті бюджетті бекіту туралы мәслихат шешіміне өзгерістер енгізу жолымен бөлінеді.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Көрсетілетін қызметті беруші субсидиялау мониторингі үшін тиісті жылдың 30 желтоқсанына дейінгі мерзімде Министрлікке СМАЖ-да қалыптастырылған және жүктеліп алынған субсидияларды пайдалану туралы ақпаратты ұсынады.";
6-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2 және 3-қосымшаларға сәйкес 7 және 8-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Нысан
Агроөнеркәсіптік кешеннің өндірілген жалпы өнімінің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі туралы ақпарат
Облыс атауы | Өңдеуші кәсіпорынның атауы | Өңдеуші кәсіпорынның бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Өндірілген өнімнің (тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің) атауы | Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы өндірілген өнімінің (тауарларының немесе көрсетілген қызметтерінің) көлемі заттай мәнде, тонна | Агроөнеркәсіптік кешен өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтің) бағасы, теңге* | Агроөнеркәсіптік кешеннің өткен жылғы жалпы өнімінің (тауардың немесе көрсетілген қызметтердің) көлемі, мың теңге (5*6)** |
Ауытқу |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам
_______________________________________ _____________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі электрондық цифрлық қолтаңбасы
Күні 20__ жылғы "____"______________
Ескертпе:* агроөнеркәсіптік кешен (бұдан әрі – АӨК) өнімінің (тауардың немесе көрсетілетін қызметтің) баға туралы деректер Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген (тіркелген) Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 20-2-тармағына сәйкес субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – СМАЖ) автоматты түрде толтырылады;
** СМАЖ-да автоматты түрде есептеледі.
АӨК өндірілген жалпы өнімінің (тауарларының немесе көрсетілетін қызметтерінің) көлемі туралы ақпарат ұсынылған кезде АӨК субъектісі субсидиялар алуға өтінім берер алдында өндірілген өнімнің – сары май, қатты ірімшік және құрғақ сүттің (қаймағы алынбаған, майсыздандырылған) көлемін көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6459 болып тіркелген) бекітілген Респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына өнімді (тауарларды, көрсетілетін қызметтерді) өндіру және тиеп-жөнелту туралы алғашқы статистикалық деректерді беруге келісемін. Бұл талап жұмыскерлерінің санына қарамастан, "Өнеркәсіп" қызметінің негізгі және (немесе) қосалқы түрлерімен (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің 05-33, 35-39 кодтарына сәйкес) заңды тұлғаларға және (немесе) олардың құрылымдық және оқшауланған бөлімшелеріне қолданылады.
Ұсынылған деректердің дұрыстығын растаймын, дұрыс емес ақпарат және құжаттар бергенім үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісім беремін.
Нысан
Қарсы міндеттемелер тізілімі
№ | Атауы | Облыс | Есепті кезең | Қарсы міндеттемелерді қабылдау күні |
Өсімдік шаруашылығы өнімі |
Мал шаруашылығы өнімі |
Өңдеу өнімдері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Нысан
Субсидиялар сомасын бөліктерге бөлу туралы хабарлама
Құрметті _________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушы)
Сізге 20__ жылғы "___" _____ № ________ өтініміңіз бойынша сізге
тиесілі субсидиялар сомасын бөліктерге бөліп төлеу туралы хабарлаймыз.