ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 52-бабының 12-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшаға сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы тексеру нәтижелері туралы актінің нысаны;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшаға сәйкес су қорын қорғау және пайдалану саласындағы бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысаны.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 114-НҚ Бұйрыққа 1 қосымша |
|
Нысан |
№_____Тексеру нәтижелері туралы акті
__________________ 20__жылғы "__" __________
Актіні толтыру орны уақыты___________
Бақылау және қадағалау органының атауы________________________________
1. Тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің номері мен
күні_________________________________________________________________
2. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) ____________________
3. Мемлекеттік тексеру субъектісінің атауы, және тексеру жүргізу кезінде қатысқан
өкілінің лауазымы ____________________________________________
4. Тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар, олардың
сипаты туралы мәліметтер _____________________________________________
5. Тексерілетін субъект өкілінің, сондай-ақ тексеру жүргізу кезінде қатысқан
адамдардың актімен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер,
олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы ___________________________
6. Тексеру нәтижесі бойынша ескертулер және (немесе) қарсылықтар__________
Қосымша "___" парақта
7. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолы________________
8. Тексеру нәтижелері туралы актіні тапсыру туралы мәліметтер _______________
қолы
20__ жылғы "___"
Бұйрығына 2 қосымша |
|
Нысан |
№______Анықталған бұзушылықты жою туралы нұсқама
_____________________ 20___жылғы "____" ________
Актіні толтыру орны уақыты________
1. Бақылау және қадағалау органының атауы ______________________________
2. Тексеру жүргізуге негіз болған профилактикалық бақылауды тексеруді тағайындау
туралы актінің күні мен нөмірі ________________________________
3. Тексеру жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде) __________________________________________________
4. Мемлекеттік тексеру субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеру жүргізу кезінде қатысқан
өкілінің лауазымы ____________________________________________
5. Анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін көрсете отырып, оларды жою
бойынша ұсынымдар__________________________________________________
6. Бақылау субъектісінің өкілдерінің, сондай-ақ тексеру кезінде қатысқан адамдардың
бұзушылықтарын жою туралы нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы
туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе қол қоюдан бас тартуы
___________________________________________________________
7. Нұсқаманы енгізді (тексерісті жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған кезде), қолы) ________________________________
8. Нұсқаманы алдым (заңды тұлғаның басшысы, немесе уәкілетті адамының, жеке
тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) ________________________
қолы
20 ____ жылғы "____" _______________