Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылы 5 маусымда № 36219 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-140 "Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің және мемлекеттік тасырманың құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26376 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика, қаржы және корпоративтік басқару департаменті Қазақстан Республикасынының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
А. Амангельдиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
м.а.
2025 жылғы 30 мамырдағы
№ 50 бұйрығымен
бекітілген

Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидалары Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 14-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және зерттеулердің, консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құнын белгілеу тәртібі

      2. Зерттеулердің, консалтингтік қызметтердің құны оның қызметінің негізгі түріне жататын әлеуетті өнім беруші жүзеге асыратын тікелей және жанама, үстеме шығыстардың сомасы негізге алына отырып белгіленеді.

      3. Тікелей шығындарға:

      1) зерттеулерді, консалтингтік қызметтерді жүзеге асыратын қызметкерлердің жалақысы;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;

      3) қосылған құн салығы;

      4) зерттеулерді жүргізетін, консалтингтік қызмет көрсететін персоналдың іссапар шығыстары (ел ішінде және (немесе) елден тыс жерлерге қызметтік сапарлар);

      5) сыртқы сарапшыларды тарту жөніндегі шығыстар;

      6) материалдарды сатып алу (егер зерттеу жүргізу үшін тікелей пайдаланылса (шығыс материалдары, кеңсе тауарлары, материалдық қор) және зерттеу мақсаттарына сәйкес келсе);

      7) байланыс қызметтері (пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс);

      8) полиграфиялық шығыстар (бланкілік өнімдерді: сауалнамаларды, маршруттық парақтарды, карточкаларды, зерттеу есептерін, тест тапсырмаларын тираждау, құжаттарды түптеу, тігу және өңдеу);

      9) курьерлік қызметтер (материалдарды тарату);

      10) конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу үшін жалдау ақысы;

      11) банктік қызметтер;

      12) зерттеу жүргізу және консалтингтік қызмет көрсету үшін тікелей пайдаланылатын аударма қызметтері жатады.

      4. Жанама шығыстарға (үстеме шығыстарға):

      1) әкімшілік персоналдың жалақысы;

      2) әлеуметтік салық, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, жұмыс берушілердің әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдары;

      3) салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер;

      4) әкімшілік персоналдың іссапар шығыстары (ел ішінде және (немесе) елден тыс жерлерге қызметтік сапарлар);

      5) әкімшілік персоналды сақтандыру (көлік құралдарын, қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру);

      6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациясы, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге қызмет көрсету және жөндеу ;

      7) өзге де шығыстар (коммуналдық қызметтер: жылыту, электр энергиясы, сумен жабдықтау және кәріз, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, ғимараттар мен үй-жайларды жалға алу, пошта, курьерлік қызметтер, интернет, телефон байланысы қызметтері, оның ішінде халықаралық және қалааралық байланыс, жарнаманы қоспағанда, ақпараттық қызметтер, өрт қауіпсіздігі, күзет қызметтері, өкілдік қызметтер шығыстар, аудиторлық қызметтер, банктік қызметтер, нотариаттық қызметтер, типографиялық шығыстар) жатады.

      5. Зерттеу, консалтингтік қызмет көрсету кезінде шығыстардың әрбір бабы (жалақыны, әлеуметтік салықты, қосылған құн салығын қоспағанда) баға ұсыныстарының (кемінде үш) негізінде қалыптасады.

Об утверждении Правил установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 мая 2025 года № 50. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 июня 2025 года № 36219

      В соответствии с пунктом 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила установления стоимости исследований, консалтинговых услуг.

      2. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 31 декабря 2021 года № ҚР ДСМ-140 "Об утверждении Правил определения стоимости исследований, консалтинговых услуг и государственного задания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 26376).

      3. Департаменту экономики, финансов и корпоративного управления Министерства здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

      3) в течении десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства здравоохранения Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
А. Амангельдиев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
и.о. Министра здравоохранения
Республики Казахстан
от 30 мая 2025 года № 50

Правила установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила установления стоимости исследований, консалтинговых услуг (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 14 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и устанавливают порядок установления стоимости исследований, консалтинговых услуг.

Глава 2. Порядок установления стоимости исследований, консалтинговых услуг

      2. Стоимость исследований, консалтинговых услуг устанавливается исходя из суммы прямых и косвенных (накладных) расходов осуществляемых потенциальным поставщиком, относящиеся к основному виду его деятельности.

      3. Под прямыми расходам относятся:

      1) заработная плата работников осуществляющих исследования, консалтинговые услуги;

      2) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в фонд социального медицинского страхования;

      3) налог на добавленную стоимость;

      4) командировочные расходы персонала, проводящего исследования, оказывающего консалтинговую услугу (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      5) расходы по привлечению внешних экспертов;

      6) приобретение материалов (если напрямую используются для проведения исследования (расходные материалы, канцелярские товары, материальный запас) и соответствуют целям исследования);

      7) услуги связи (почтовые, курьерские услуги, интернет, услуги телефонной связи, в том числе международная и междугородняя связь);

      8) полиграфические расходы (тиражирование бланочной продукции: анкет, маршрутных листов, карточек, отчетов исследований, тестовых заданий, переплет, подшивка и обработка документов);

      9) курьерские услуги (рассылка материалов);

      10) арендная плата для проведения конференций, семинаров, круглых столов;

      11) банковские услуги;

      12) переводческие услуги, непосредственно используемые для проведения исследования и оказания консалтинговой услуги.

      4. К косвенным расходам (накладным расходом) относятся:

      1) заработная плата административного персонала;

      2) социальный налог, социальные отчисления в государственный фонд социального страхования, отчисления работодателей в фонд социального медицинского страхования;

      3) налоги и другие обязательные платежи в бюджет;

      4) командировочные расходы административного персонала (служебные разъезды внутри страны и (или) за пределы страны);

      5) страхование административного персонала (обязательное страхование транспортных средств, работника от несчастных случаев при исполнении им трудовых (служебных) обязанностей);

      6) амортизация основных средств и нематериальных активов, обслуживание и ремонт основных средств и нематериальных активов;

      7) прочие расходы (коммунальные услуги: отопление, электроэнергия, водоснабжение и канализация, вывоз твердых бытовых отходов, аренда зданий и помещений, почтовые, курьерские услуги, интернет, услуги телефонной связи, в том числе международная и междугородняя связь, информационные услуги, за исключением рекламы, пожарная безопасность, услуги по охране, представительские расходы, аудиторские услуги, банковские услуги, нотариальные услуги, типографские расходы).

      5. Каждая статья расходов (за исключением заработных плат, социального налога, налога на добавленную стоимость) при проведении исследования, оказания консалтинговой услуги формируется на основании ценовых предложений (не менее трех).