БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19617 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 30-1) тармақшамен толықтырылсын:
"30-1) жаңғыртуды сатып алудың электрондық платформасы – электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинауға, өңдеуге, сақтауға, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, отандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алуға, "кілтпен" келісімшарттар жасасуға, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртудың Ұлттық жобасы бөлігінде жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге арналған ақпараттық-коммуникациялық платформасы;";
мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшамен толықтырылсын:
56-1) қаржылық оператор – "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдинг" акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 144-1) тармақшамен толықтырылсын:
144-1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторы – "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы;";
мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
"6-1-тарау. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба шеңберінде бекітілген тарифтік смета және бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту;
1-параграф. Бекітілген тарифтік сметаны өзгерту.
374-1. Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті өзгерту үшін субъект уәкілетті органның ведомствосына бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен бір мезгілде бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінім береді.
374-2. Бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінген кезде субъект уәкілетті органның ведомствосына тарифтік сметаның жобасын, өзгерістерді ескере отырып және бекітілген тарифтік сметаға өзгерістер енгізуді негіздейтін материалдарды ескере отырып, осы Қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес 7-1-нысан бойынша ұсынады.
374-3. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы техникалық операторларының келісуін ескере отырып, субъект тарифтік сметаның және инвестициялық бағдарламаның жобасын тарифке жобаның әсерін бағалау мақсатында уәкілетті органның ведомствосына келісуге жібереді.
Уәкілетті органның ведомствосы жобаны келісу немесе келісуден бас тарту нәтижелерін энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі сатып алудың электронды платформасында көрсетеді.
374-4. Бекітілген тарифтік сметаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінген кезде субъект уәкілетті органның ведомствосына ұсынады:
1) тарифтік сметаның жобасы;
2) инвестициялық бағдарламаның жобасы;
3) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық салаларындағы техникалық операторлармен келісу туралы қорытынды.
2-параграф. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту.
374-5. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге арналған өтінішті уәкілетті органның ведомствосына және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдарға бір мезгілде ұсынылады.
374-6. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгерту туралы өтінішпен жүгінген кезде субъект уәкілетті органның ведомствосына, оның ішінде:
1) инвестициялық бағдарламаның жобасы;
2) қаржы операторының, оның ішінде банк берген қаржыландыру шарттарымен индикатив қорытындысы;
3) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық салаларындағы техникалық операторларының, оның ішінде келісілген жобалау-сметалық құжаттама қорытындысын қоса беріледі.
374-7. Бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге арналған өтінішті оны ұсынған күннен бастап қарау мерзімдері:
уәкілетті органның ведомствосы - жиырма жұмыс күнінен аспайды;
тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган - он жұмыс күнінен аспайды.
Бұл ретте уәкілетті органның ведомствосының және тиісті салада басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органның және (немесе) жергілікті атқарушы органның қарау мерзімі ұзартылмайды.
374-8. Инвестициялық бағдарламаны бекітуге немесе өзгертуге өтініш алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті органның ведомствосы субъектіні және тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органды және (немесе) жергілікті атқарушы органды оны қарауға қабылдағаны не осы Қағидалардың 374-6-тармағында көзделген құжаттардың толық емес пакетін субъекті инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінішті беру кезінде оны қараудан бас тартқаны туралы жазбаша хабардар етеді.
374-9. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын инвестициялық бағдарлама жобасын қарау нәтижелері бойынша:
тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган бекітілген инвестициялық бағдарламаны өзгертуге өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына субъектінің инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды жолдайды;
уәкілетті органның ведомствосы шешім қабылданғанға дейін жеті жұмыс күнінен кешіктірмей инвестициялық бағдарламаны қоса бере отырып, инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасын тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға және (немесе) жергілікті атқарушы органға жолдайды;
инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасы ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы қол қойылған шешімді уәкілетті органның ведомствосына не инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы шешімнің қол қойылған жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы дәлелді қорытындының қосымшасыменжолдайды;
тиісті салаларда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және (немесе) жергілікті атқарушы орган осы тармақта көзделген мерзімдерде инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын немесе инвестициялық бағдарламаны бекіту туралы қол қойылған шешім жобасын қабылдаудың орындылығы немесе орынсыздығы туралы қорытынды ұсынбаған жағдайда, "әдепкі бойынша келісілген" үшін негіз болып табылады.
374-10. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба шеңберінде тартылған қарыздар бойынша сыйақылар мен негізгі борышты төлеу жөніндегі субъектінің шығыстары негізгі құралдардың қалдық құнымен және пайданың жол берілетін деңгейімен шектелмейді.";
384-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"384-1. Инвестициялық бағдарламаны іске асыруға субъектінің меншікті қаражаты жіберілген жағдайда, инвестициялық жобаны іске асыру үшін сыйақы төлеуге арналған шығыстар Қазақстан Республикасы Ұлттық банк қаржыландыру мөлшерлемесінен аспайтыны ескеріле отырып есептеледі.";
601-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"601. Тарифті өзгерту уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша жылына екі реттен асырмай және субъектінің бастамасы бойынша жылына бір реттен асырмай жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге:
1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;
3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі;
4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның және (немесе) жасалған қарыз шарты жағдайлары, бекітілген инвестициялық бағдарламада көзделген шығындардың өзгеруі;
5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы;
6) газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының өзгеруі;
7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы;
8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын субъект қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;
9) субъектілер қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізбеу;
10) Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын субъекттерін қоспағанда, субъекттер реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті жергілікті атқарушы органдардан, Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген мемлекеттік мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардың электр желілерін басқару, мүлікті өтеусіз пайдалануға алған кезде оны балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес;
11) статистика деректері бойынша өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жылда қалыптасқан бір жұмыскерге жұмсалатын орташа айлық номиналды жалақының өзгеруі;
12) "Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Теміртау – Астана" бағыты бойынша магистральдық газ құбырын субъектіге мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру негіз болып табылады.
Қағидалардың осы тармағының 10) тармақшасында көзделген негізде, оның ішінде субъектілері басқа энергия беруші ұйымдардан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алған жағдайда, оның қолданылу мерзімі өткенге дейін бекітілген тарифтік сметаға өзгерісті уәкілетті орган тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен аспайтын, деңгейде жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 601-1-тармақпен толықтырылсын:
"601-1. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба шеңберінде субъект уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидалардың 601-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша оның қолданылу мерзімі өткенге дейін уәкілетті орган бекіткен тарифті өзгертуге өтінім беру бойынша жыл ішінде қосымша бастамамен жүгінеді.
Тарифтік реттеудің ынталандыру әдісін қолдану кезінде субъект уәкілетті орган бекіткен тарифті келесі реттеуші жылға жыл сайынғы тарифтерді түзету процессінде оның қолдану мерзімі аяқталғанға дейін өтінім береді.";
604-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"604. Тарифті өзгертуге арналған өтінімге мыналар қоса беріледі:
1) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгеру себептерін көрсете отырып, түсіндірме жазба;
2) тарифте ескерілетін және ескерілмейтін шығындар тізбесіне, осы Қағидаларға сәйкес тарифте ескерілетін шығындар мөлшерін шектеу қағидаларына сәйкес тарифтік сметаның жобасы. Бұл ретте стратегиялық тауарлардың құны тарифтік сметада ұлғайған жағдайда стратегиялық тауарларды пайдалануды және (немесе) стратегиялық тауарларды тасымалдауға мемлекеттік реттеуге жататын тарифтерді (бағаларды) қамтитын шығындар баптары ғана түзетіледі;
3) уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифтің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін оны өзгерту қажеттігін растайтын құжаттар;
4) осы Қағидалардың 374-6-тармағында көзделген құжаттар тізбесі (энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба іске асырылған жағдайда).
Стратегиялық тауарлардың және (немесе) стратегиялық тауарларды тасымалдауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын Тарифтердің (бағалардың) құны өзгерген жағдайда тарифті бекітуге арналған өтінімге конкурстық құжаттама, тауарларды сатып алу жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссиялардың шешімдері, шарттар, шот-фактуралар, шығындар деңгейінің есептері, сондай-ақ үлгілік нормалар мен нормативтер негізінде жүргізілген, тиісті салада қолданыстағы техникалық шығындарды есептеу, стратегиялық тауар шығысының нормалары.
Уәкілетті орган ведомствосының тарифті өзгерту туралы өтінімді оның қолданылу мерзімі өткенге дейін қарау мерзімі:
1) осы Қағидалардың 601-тармағының 1), 2), 3) және 11) тармақшаларымен ол ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайды;
2) осы Қағидалардың 601-тармағының 4), 5), 6) және 10) тармақшаларымен ол ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайды;
3) осы Қағидалардың 601-тармағының 12) тармақшасымен ол ұсынылған күннен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайды.
Уәкілетті орган ведомствосының бастамасы бойынша тариф өзгерген жағдайда субъект тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есептер мен материалдарды (шарттардың, орындалған жұмыстар актілерінің, жүк құжаттардың, шот-фактуралардың көшірмелері, баланстық және қалдық құнын, қызмет ету мерзімін, жылдық амортизацияны көрсете отырып, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің Объектілік тізбесі) ұсынады.";
мынадай мазмұндағы 609-1-тармақпен толықтырылсын:
"609-1. Субъект уәкілетті органның ведомствосына тариф қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жасалған өтеу кестесі бар кредиттік келісімнің көшірмесін ұсынады.";
630-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) тарифті қалыптастыру кезінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты, бірақ нормативтік санынан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыдан аспайтын шығыстарды немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) берілетін бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақысына сүйене отырып қамтиды.
Өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы негізге алына отырып айқындалған өндірістік персоналдың жалақысы асып кеткен жағдайда субъект қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы, өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан, субъект өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы ескеріледі.
Қуаты аз табиғи монополиялар субъектілері үшін өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін ең төменгі жалақының екі еселенген мөлшерінен төмен емес деңгейде айқындалады.
Жаңа объектілер, қуаттар енгізілген және инвестициялық бағдарламада көзделген өзге де іс-шаралар іске асырылған жағдайда, тарифті қалыптастыру кезінде жаңа объектілерге өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар өндірістік персоналдың нормативтік саны негізге алына отырып, айқындалады.
Бұл ретте персонал санының, шикізаттың, материалдардың, отынның, энергияның қажеттілігін есептеу және техникалық ысыраптарды есептеу тиісті салада (аяда) қолданылатын үлгілік нормалар мен нормативтердің негізінде жүргізіледі.
Субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, орташа айлық жалақы мөлшері өтінім берудің алдындағы жылғы статистика деректері бойынша өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші деңгейінде немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық жалақысына сүйене отырып енгізіледі:
Wcp - экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші;
Wp1, Wp2, - өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша І өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;
Pp1, Pp2 - өтінім берудің алдындағы i - өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы субъектінің нақты іске қосылған саны.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған өндірістік персоналдың жалақысы Экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызмет көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде, өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары статистика деректері бойынша қалыптасқан Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын өндірістік персоналдың жалақысы есепке алынады.
Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.
Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің өндірістік персоналының Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған жалақысы жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленетін жалақының ең төмен мөлшерінің екі еселенген деңгейінен асып кеткен кезде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының (инфляция) көрсеткіштері ескеріле отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын, өндірістік персоналдың жалақысы есеп алынады.";
631-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) әкімшілік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар субъект персоналының нақты санына, бірақ нормативтік санынан аспайтын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін (инфляция) ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыға немесе субъект персоналының нормативтік санынан аспайтын нақты санына және субъект қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) төлемақы, өтінім берудің алдындағы қалыптасқан бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес айқындалады.
Өтінім берудің алдындағы жылдың басынан бастап қалыптасқан бір жылдағы немесе төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес субъект қызметтер көрсететін өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) әкімшілік персоналдың орташа айлық жалақысы негізге алына отырып айқындалған әкімшілік персоналдың жалақысы асып кеткен жағдайда субъект қызмет көрсететін өңірде (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы, өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан, субъект өтінім берудің алдындағы жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орташа айлық атаулы жалақы ескеріледі.
Субъект реттеліп көрсетілетін қызметтерді екі және одан да көп өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) көрсеткен және бірыңғай тариф бекітілген жағдайда, орташа айлық жалақы мөлшері реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетілетін өңірлердегі (облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы) орташа айлық жалақының орташа өлшемді көрсеткіші деңгейінде, өтінім берудің алдындағы бір жыл немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсан үшін жылғы статистика деректері бойынша экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қосылады:
Wcp - экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткіші;
Wp1, Wp2, - өтінім берудің алдындағы бір жылдағы немесе жылдың басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша І өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа айлық жалақы;
Pp1, Pp2, - өтінім берудің алдындағы i - өңірдегі (облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) бір жыл немесе жылдың басынан қалыптасқан төртінші тоқсан үшін субъектінің нақты іске қосылған саны.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалған әкімшілік персоналдың жалақысы субъект қалыптасқан экономикалық қызмет түрлеріне сәйкес қызметтер көрсететін өңірдегі (облыста, республикалық маңызы бар қалада, астанада) әкімшілік персоналдың орташа айлық жалақысынан асып кеткен кезде бір жылдағы немесе жыл басынан бастап қалыптасқан төртінші тоқсандағы статистика деректері бойынша, өтінім берудің алдындағы және (немесе) осы Қағидаларда айқындалған орташа айлық жалақының орташа өлшенген көрсеткішінен жоғары Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының көрсеткіштерін ескере отырып, қолданыстағы тарифтерде қабылданған орташа айлық жалақыны негізге ала отырып айқындалатын әкімшілік персоналдың жалақысы (инфляция)ескеріледі;
Субъектінің қолданыстағы тарифтік сметасында экологиялық апат және радиациялық тәуекел аймақтарында тұрғаны үшін қосымша төлемдер болмаған жағдайда орташа айлық жалақыға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тиісті қосымша төлемдер қолданылады.";
мынадай мазмұндағы 633-1 және 633-2-тармақтармен толықтырылсын:
633-1. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жоба аясында елді мекендерде қолданыстағы активтерді кеңейтуге, жаңғыртуға, қайта құруға, жаңартуға, қолдауға және жаңа активтерді құріға бағытталған жобаларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражаттарын қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында, Заңның 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салалардағы субъектінің борыштық міндеттемелерін өтеуі аяқталғанға дейін, уәкілетті орган алдағы тарифті бекіту кезеңіне және кейінгі бекіту кезеңдеріне арналған тарифке тиісті шығындарды енгізу қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, қарыз шартының талаптары өзгерген жағдайларды қоспағанда, субъектінің тартылған қарыздары бойынша бекітілген тарифтегі шығындар көлемі өзгертуге жатпайды.
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде бекітілген инвестициялық бағдарламаның және тарифтік сметаның іс-шараларын орындау кезінде қарыз шарты бойынша міндеттемелерді субъект басым тәртіппен орындайды.
Жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындамау уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін осы Қағидалардың 601-тармағының 1) тармақшасында айқындалған негізде өзгертуден бас тарту үшін негіз болып табылады.";
637-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"637. Уәкілетті органның ведомствосы тарифті есептеу кезінде пайданың жол берілетін деңгейін осы Қағидалардың 11-тарауына сай субъект пайдасының жол берілетін деңгейін айқындау қағидаларына сәйкес айқындалатын тартылған активтердің реттелетін базасының шамасына пайда мөлшерлемесінің көбейтіндісі ретінде айқындайды.
Тарифке қосылатын пайда деңгейі дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі субъекттердің тарифтеріне қосылатын пайданы қоспағанда, инвестициялық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражатты ескере отырып шектеледі.
Дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі субъекттердің тарифіне қосылатын пайда деңгейі инвестициялық бағдарламаны іске асыруға және Заңның 15-бабының 1-тармағына сәйкес субъектінің дамуы мен тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті қаражат ескеріле отырып шектеледі.
Инвестицияларды субъектілер меншікті және (немесе) қарыз қаражат есебінен жүзеге асырады. Меншікті қаражат көзі пайда (таза кіріс) және амортизациялық аударымдар болып табылады.
Қарыз қаражатын қайтару пайда (таза кіріс) және (немесе) амортизациялық аударымдар есебінен жүзеге асырылады.
Пайда деңгейі мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру үшін шектелмейді.".
Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 7-1- нысанмен толықтырылсын.
Осы бұйрыққа 2- қосымшаға сәйкес 12-1- нысанмен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 29 мамырдағы № 45 Бұйрыққа 1-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
7-1-нысан
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын ___________________________________ (табиғи монополия субъектісінің атауы) _______________________________________ реттеліп көрсетілетін қызметтер түрінің атауы тарифтік сметасы
ЖСН/БСН
№ р/с | Көрсеткіштердің атауы* | Өлшем бірлігі | Табиғи монополия субъектісінің жобасы |
1 | 2 | 3 | 4 |
I | Тауарларды өндіруге және қызмет көрсетуге арналған шығындар, барлығы | мың теңге | |
Оның ішінде: | |||
1 | Материалдық шығындар, барлығы | -//- | |
оның ішінде: | |||
1.1 | Шикізат және материалдар | -//- | |
1.2 | Сатып алынған өнімдер | -//- | |
1.3 | ЖЖМ | -//- | |
1.4 | Жанармай | -//- | |
1.5 | Энергия | -//- | |
2 | Еңбекақы төлеу шығындары, барлығы | -//- | |
Оның ішінде: | |||
2.1 | Жалақы | -//- | |
2.2 | Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар | -//- | |
МӘМС | |||
3 | Амортизация | -//- | |
4 | Жөндеу, барлығы | -//- | |
Оның ішінде: | |||
4.1 | Негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін жөндеу | -//- | |
5 | Басқа шығындар (декодтау) | -//- | |
II | Кезең шығыстары, барлығы | -//- | |
6 | Жалпы және әкімшілік шығыстар, барлығы | -//- | |
Оның ішінде: | |||
6.1 | Әкімшілік қызметкерлердің жалақысы | -//- | |
6.2 | Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар | -//- | |
МӘМС | |||
6.3 | Амортизация | -//- | |
6.4 | Коммуналдық қызметтер | -//- | |
6.5 | Салықтар | -//- | |
6.6 | Басқа шығындар (декодтау) | -//- | |
7 | Сыйақы төлеуге арналған шығыстар | -//- | |
8 | Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын сыйақы төлеуге арналған шығыстар | ||
9 | Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жобасы іске асыру шеңберінде негізгі қарыздар | ||
III | Барлық шығындар | -//- | |
IV | Пайда | -//- | |
V | Барлық кірістер | -//- | |
VI | Көрсетілетін қызметтердің көлемі | Табиғи көрсеткіштерде | |
мың теңге | |||
VII | Нормативтік ысырап | % | |
Табиғи көрсеткіштерде | |||
VIII | Тариф (қосылған құн салығы жоқ) | теңге/ ұсынылатын қызметтер үшін бірлік | |
Анақтама: | |||
10 | Қызметкерлердің орташа тізімдік саны, барлығы | адам | |
Оның ішінде: | |||
10.1 | Өндірістік персонал | -//- | |
10.2 | Әкімшілік персонал | -//- | |
11 | Орташа айлық жалақы, барлығы | теңге | |
Оның ішінде: | |||
11.1 | Өндірістік персонал | -//- | |
11.2 | Әкімшілік персонал | -//- | |
12 | Күрделі жөндеу | мың теңге | |
13 | Пайда есебінен жүзеге асырылатын шығындар (теріп жазу) | -//- | |
14 | Негізгі құралдар құнының өсуіне әкелмейтін жөндеу, барлығы | -//- | |
Оның ішінде: | |||
14.1 | Жөндеуге арналған материалдар | -//- | |
14.2 | Жалақы | -//- | |
14.3 | Әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар, МӘМС | -//- |
Ескерту:
* шығындар қажет болған жағдайда кеңейтіледі немесе толықтырылады;
ЖЖМ - жанар-жағармай материалдары;
МӘМС - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру.
Табиғи монополия субъектісінің басшысы
_____________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Күні "___" ______________ 20 жыл
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 29 мамырдағы № 45 Бұйрыққа 2-қосымша |
|
Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына 1-қосымша |
12-1-нысан
Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту бойынша ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын _______________________________ (табиғи монополия субъектісінің атауы) ______________________________________ (қызмет түрі) инвестициялық бағдарламасы
ЖСН/БСН
Инвестициялық бағдарламаның кезеңі: 20__ – 20__ жыл _________
№ р/с | Инвестициялық бағдарлама іс-шараларының атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Инвестиция сомасы, мың теңге (салықсыз) құнын қосу | Қаржыландыру көзі, мың теңге | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Меншік | Қарыз | Бюджеттік қаражат | реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызмет | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Табиғи монополия субъектісінің басшысы ____________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) қолы
Күні________ жылғы "___" ____________