БҰЙЫРАМЫН:
1. "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) қарыз алушы – эмитентпен қарыз шартын, қаржы лизингі шартын не кредит желісін беру (ашу) туралы келісім жасасқан және көрсетілген шарттардың талаптарына сәйкес өзіне міндеттемелер қабылдаған, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит беру және қаржы лизингі үшін тауарлардың тізбесіне сәйкес қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы), сондай-ақ кредиттік серіктестіктер, екінші деңгейлі банктер, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, өңірлік инвестициялық орталықтар, микроқаржы ұйымдары;";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жұмыс органы облигациялық қарыз бойынша купондық төлемдер басталған күнге дейін 10 (он) жұмыс күні бұрын астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банктік шотына жасалған келісімге сәйкес купондық сыйақының субсидияланатын бөлігін төлеммен аударады.
Бұл ретте, есеп беретін жылы астық нарығы жөніндегі оператордың облигациялары бойынша есептелетін купондық сыйақы бойынша субсидиялар есеп беретін жылдың 30 қаңтарынан кешіктірілмей тиісті қаржы жылына арналған бюджетте көзделген қаражат шегінде эмитенттің банк шотына аванстық төлеммен аударылады.
Эмитент, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны өз қаражаты есебінен төлеген жағдайда, жұмыс органы эмитентке купондық сыйақының субсидияланатын бөлігінің сомасын эмитенттің банк шотына аудару жолымен облигациялар бойынша купондық сыйақының бұдан бұрын төленген бөлігін өтейді.
Жұмыс органы субсидиялар қаражаты болған жағдайда жасалған келісімге сәйкес облигациялар бойынша төленуі тиіс, шығарылған мерзімі 18 (он сегіз) айды қоса алғанға дейінгі уақытты құрайтын облигациялар бойынша 100% (жүз процент) купондық сыйақыны эмитенттің, оның ішінде астық нарығы жөніндегі оператор болып табылатын эмитенттің банк шотына аванстық төлеммен аударады.
Эмитентке облигациялар бойынша купондық сыйақыларды аванс түрінде өтеуге жол беріледі.
Эмитент, астық нарығы жөніндегі операторды қоспағанда, субсидия қаражатын алғаннан кейін не Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы болған жағдайда немесе тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте купондық сыйақыны субсидиялауға қаражат болған кезде Қарыз алушыларды купондық сыйақының 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде субсидиялар көзделген жалпы сомаға қарыз шарттарын жасасу жолымен қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен сыйақының жеңілдікті мөлшерлемесі бойынша кредиттер түрінде қаржыландыру жүзеге асырылады.
Көрсетілген қысқа мерзімді/орта мерзімді облигациялар есебінен:
2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бұдан бұрын берілген кредиттік қаражатты ауыстыруға;
көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 2023 жылғы 1 қарашадан бастап жасалған қарыз шарттары бойынша екінші деңгейлі банктердің, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, өңірлік инвестициялық орталықтардың және микроқаржы ұйымдарының қарыз алушыларының міндеттемелерін қайта қаржыландыруға жол беріледі.
Эмитенттің қарыз алушыға 36 (отыз алты) айдан аспайтын мерзімге кредит желісін беруге (ашуға) жол беріледі. Бұл ретте кредит желісі шеңберінде берілетін кредит мерзімі облигациялардың айналыс мерзімінен аспауы тиіс.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Эмитенттің ұзақ мерзімді облигациялық қарыздары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау мынадай шарттарда жүзеге асырылады:
1) субсидиялау облигациялық қарыздың купондық сыйақысының толық мөлшерін құрайды;
2) субсидиялаудың шекті мөлшері облигациялық қарыз тарту сәтінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің жиынтық мәнінен плюс 1,5%-тен (бір бүтін оннан бестен) аспайды. Бұл ретте "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы www.kase.kz ресми ресурсында жарияланатын сауда-саттық/жазылым өткізу күні облигациялық қарызды тарту күні болып есептеледі;
3) облигациялық қарызды өтеу мерзімі – Проспектінің шарттарына сәйкес.
Бұл ретте олар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау жүзеге асырылатын орналастырылған облигацияларды қайта қаржыландыру және (немесе) өтеу мақсатында шығарылған эмитенттің ұзақ мерзімді облигациялары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға жол беріледі.";
2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz
Әкімшілік нысанның атауы: Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: № ОКС-1 нысан
Кезеңділігі: жыл сайын
Есепті кезең: 20__ жыл
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: эмитент
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
Жинау әдісі: электронды түрде
Эмитенттің атауы | Бизнес-сәйкестендіру нөмірі | Облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) | Облигациялық қарыз сомасы | Облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне көзделген субсидиялардың барлығы, теңге | Барлық аударылған субсидиялар, теңге | Ауытқу ( + , -) ( + ) артық төлеу, ( - ) жетіспеушілік, теңге | Пайдаланылмаған субсидияларды қайтару (нақты), теңге | Банктік шоттарда жатқан субсидиялар қалдығы, теңге | ||
Барлығы | Есептік кезең үшін | Барлығы | Есептік кезең үшін | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Жалпы: |
Атауы __________________________________________________
Мекенжайы __________________________________________________________
Телефон ________________________________________________________
Электрондық почта мекенжайы _________________________________________
Орындаушы ____________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
_________________________________________________________________
аты және әкесінің аты (бар болса), тегі
Ескертпе: "Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада көрсетіледі.
"Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша |
"Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индекс: ОКС-1 нысаны, кезеңділігі: жыл сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Облигациялар бойынша купондық сыйақы субсидияларының нақты пайдаланылуы туралы есеп" әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды эмитент толтырады.
3. Нысанға орындаушы және басшы, не оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды.
4. Нысанды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 25 қаңтарына дейін эмитент ұсынады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында эмитенттің атауы көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бағанында облигациялар проспектісі (халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ұлттық сәйкестендіру нөмірі)) көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында облигациялық қарыз сомасы көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында облигациялар айналысының бүкіл мерзіміне, бүкіл кезеңге және есепті кезеңге көзделген субсидиялар теңгемен көрсетіледі.
10. Нысанның 6 және 7-бағандарында бүкіл кезеңде және есепті кезеңде аударылған субсидиялар теңгемен көрсетіледі.
11. Нысанның 8 және 9-бағандарында барлық кезеңдегі және есепті кезеңдегі ауытқулар (артық төлеу, жетіспеушілік) теңгемен көрсетіледі.
12. Нысанның 10-бағанында пайдаланылмаған субсидиялардың қайтарылғаны (нақты) теңгемен көрсетіледі.
13. Нысанның 11-бағанында банктік шотта жатқан субсидиялар қалдығы теңгемен көрсетіледі.