"Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шiлдедегi № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 223 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 2 мамырда № 36067 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 шiлдедегi № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33174 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 3 пайыз;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 3 пайыз;".

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

О внесении изменений в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 357 "Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования"

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 30 апреля 2025 года № 223. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 2 мая 2025 года № 36067

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 26 июля 2023 года № 357 "Об утверждении размеров квоты приема при поступлении на учебу в организации образования, реализующие образовательные программы высшего образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33174) следующие изменения:

      в пункте 1:

      подпункт 6) изложить в следующей редакции:

      "6) граждан Республики Казахстан из числа сельской молодежи, переселяющихся в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, – 3 процента;";

      подпункт 8) изложить в следующей редакции:

      "8) детей из числа неполных семей, имеющих данный статус не менее трех лет, – 3 процента;".

      2. Комитету высшего и послевузовского образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек