Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Тасқала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тасқала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Ж. Бисенгалиева |
| Тасқала аудандық мәслихаты 2024 жылғы 19 маусымдағы № 24-2 шешіміне қосымша |
1. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 22-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5169 болып тіркелген) шешімі;
2. Тасқала аудандық мәслихатының "Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 22-7 "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 16 мамырдағы № 24-5 шешімі;
3. Тасқала аудандық мәслихатының "Тасқала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 22-7 "Тасқала аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 3-4 шешімі.