Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Е. Загипаров |
| Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 01-03/VIII-19/1 шешіміне қосымша |
Зайсан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі.
1) Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі №28-1 "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5-11-162 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді эталонды бақылау банкінде №123828 болып тіркелген) шешімі;
2) Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы №32-7 "Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" №28-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-11-182 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерді эталонды бақылау банкінде №126985 болып тіркелген) шешімі;
3) Зайсан аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 қыркүйектегі №11-4/1 "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі №28-1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді эталонды бақылау банкінде №159621 болып тіркелген) шешімі.