Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Атырау облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4534 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:
44-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"44. Қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектісін осы Қағидаларда белгіленген кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға (өлшемшарттарға) сәйкестігіне құжаттармен ұсынылған өтінімдерді салыстырмалы талдау нәтижелері бар хаттама негізінде Комиссия айқындайды.
келесі мазмұндағы 23-1, 23-2, 44-1 тармақтармен толықтырылсын:
"23-1. Жұмыс органы жергiлiктi атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми интернет-ресурсында кәсіпкерлік субъектілерінің конкурсқа қатысуға құжаттары мен өтінімді беруі үшін күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімді көрсете отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында қарыз алуға арналған конкурсқа қатысу мүмкiндiгi туралы хабарландыруды орналастырады.
23-2. Барлық келіп түскен өтінімдері жұмыс органымен комиссияның қарауына жіберіледі.
44-1. Жұмыс органы қарау нәтижелері жергілікті атқарушы органның және мамандандырылған ұйымның ресми интернет-ресурсында орналастырады."
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Атырау облысының әкімі | С. Шапкенов |