Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 қазандағы № 4/515 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24875 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |