Алматы қаласы әкімдігінің ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2011 жылғы 14 қарашадағы № 4/975 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 906 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындарын) ұйымдастыру ережесі:
келесі мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Коммуналдық ақылы автотұрақтың (автотұрақ) көк түсті жол белгілері бар.";
11 тармақтың 1) тармақшасы келесі мазмұндағы екінші азат жолмен толықтырылсын:
"Коммуналдық ақылы автотұрақтың (автомобиль қоятын орын) көк түсті жол белгілері бар.";
12 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"12. Көшедегі оқшауланған белдеулер шегінде автомобиль жолдарының (көшелер) бойына орналастырылатын тротуар үлгісіндегі ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар) көлік құралдарының тұрақтау уақытын есептеуге арналған автоматтандырылған режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен (мобильді кешендер, фото, бейнетіркеу және тұрақтау уақытын есепке алу) жабдықталады.";
келесі мазмұндағы 13-1 тармақпен толықтырылсын:
"13-1. Автомобиль жолына іргелес жатқан ашық (сыртқы қоршауларсыз) немесе жабық (сыртқы қоршаулармен) жер учаскелерінде орналастырылатын алаңдық үлгідегі коммуналдық ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар, паркингтер):
1) автоматты режимде жұмыс істейтін, көлік құралдарының тұрақ уақытын есепке алуға арналған сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптармен (мобильді немесе стационарлық кешендер, фото, бейне тіркеу және тұрақ уақытын есепке алу);
2) бос орындар санын көрсететін электрондық құрылғылармен жабдықталады.".
2. "Алматы қаласы Қалалық мобилділік басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкімнің орынбасары | А. Амрин |