Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 2024 жылғы 21 мамырдағы № 88 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 мамырда № 10216-10 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.04.2026 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.04.2026 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы А. Ержигитова

  Жангелдин аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 21 мамырдағы
  № 88 шешіміне
  1-қосымша

Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.04.2026 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жангелдин ауданының аумағында тұрақты тіркелген және тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтаушы жарналарды;

       коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.04.2026 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жангелдин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - қағида) айқындалған тәртіппен есептейді

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.04.2026 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаларға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүгінеді.

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 20.03.2025 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Жангелдин ауданы мәслихатының 21.04.2026 № 206 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеу есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Жангелдин аудандық мәслихатының
  2024 жылғы 21 мамырдағы
  № 88 шешіміне
  2-қосымша

Жангелдин аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Жангелдин ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7026 болып тіркелген).

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2018 жылғы 16 қарашадағы № 206 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8114 болып тіркелген).

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2020 жылғы 5 мамырдағы № 296 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9168 болып тіркелген).

      4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 86 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 97 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27803 болып тіркелген).

Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе

Решение маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21 мая 2024 года № 88. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Костанайской области 28 мая 2024 года № 10216-10.

      Сноска. Заголовок в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21.04.2026 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" Джангельдинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21.04.2026 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Джангельдинского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата А. Ержигитова

  Приложение 1
  к решению Джангельдинского
  районного маслихата
  от 21 мая 2024 года
  № 88

Размер и Правила оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе

      Сноска. Заголовок приложения 1 в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21.04.2026 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета услугополучателям проживающим в Джангельдинском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21.04.2026 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Джангельдинского района" (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117. (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила)

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлен в размере 5 (пяти) процентов.

      Сноска. Пункт 4 в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21.04.2026 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам.

      Перечень основных требований к оказанию государственной услуги "Назначение жилищной помощи" предусмотрен в приложении 2 к Правилам.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 20.03.2025 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Жилищная помощь определяется по предьявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем в соответствии с пунктом 4-1 Правил.

      Сноска. Пункт 7 в редакции решения маслихата Джангельдинского района Костанайской области от 21.04.2026 № 206 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год, услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2
  к решению Джангельдинского
  районного маслихата
  от 21 мая 2024 года
  № 88

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Джангельдинского районного маслихата

      1. Решение маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Джангельдинском районе" от 20 апреля 2017 года № 86 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7026).

      2. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 20 апреля 2017 года № 86 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 16 ноября 2018 года № 206 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8114).

      3. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 20 апреля 2017 года № 86 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 5 мая 2020 года № 296 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9168).

      4. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 20 апреля 2017 года № 86 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 27 апреля 2022 года № 97 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27803).