Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Амангелді аудандық мәслихатының "Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу туралы" 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 401 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9465 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында "Жиналыстарды, митингілерді және пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
"Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруға және өткізуге арналған мамандандырылған орындар";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"18. Пикеттеуді жүзеге асыратын адамдар арасындағы ең аз рұқсат етілген қашықтық кемінде 100 метрді құрайды.";
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының 20-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"20. Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикет өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындары;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілері және оларға іргелес аумақтар;
3) ауданның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес аумақтар;
4) пайдалану қауіпсіздік техникасының арнайы қағидаларын сақтауды талап ететін қауіпті өндірістік объектілерге және өзге де объектілерге іргелес аумақтар;
5) магистральдық темір жол желілері, магистральдық құбырлар, ұлттық электр желісі, магистральдық байланыс желілері және оларға іргелес аумақтар.".
2. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Амангелді аудандық мәслихатының төрағасы | К. Кеделбаев |