Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай қаласында мүгедек балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" мәслихаттың 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25124 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы";
шешімнің мемлекеттік тілдегі 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.";
мемлекеттік тілде көрсетілген шешіммен бекітілген 1-қосымшасының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Қостанай қаласында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері";
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде жүргізеді.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы | О. Байгабулов |