Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Қостанай қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" Қостанай қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 1441 бірлескен қаулысына және Қостанай қалалық маслихатының 2022 жылғы 11 шілдедегі № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28843 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларды алып жүретін адамдар.";
көрсетілген бірлескен қаулы және шешім мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
"2-1. Қостанай қаласы азаматтарының келесі санаттарына қалалық және қала маңындағы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жол жүру жеңілдігі белгіленсін:
1) 7 мен 15 жас аралығындағы балалар;
2) 15 пен 18 жас аралығындағы балалар.".
2. Осы бірлескен Қостанай қаласы әкімдігінің қаулысы мен Қостанай қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қостанай қаласы әкімінің міндетін атқарушы | А. Исмагулов |
| Қостанай қалалық мәслихатының төрағасы | О. Байгабулов |