Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасын айқындау туралы

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/112 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 сәуірде 4692-12 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 29.04.2026 № 39/353 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) сәйкес Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы айқындалсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 29.04.2026 № 39/353 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Жаңаөзен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Г. Байжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды

      үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/112 шешіміне 1 қосымша

Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидасы

      Ескерту. 1 қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 29.04.2026 № 39/353 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Жаңаөзен қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы №117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) (әрі қарай - Тұрғын үй көмегін беру қағидасы) айқындалған тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын көрсетілетін қызметті беруші есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 4 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 29.04.2026 № 39/353 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi №295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 29.04.2026 № 39/353 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін қызметті алушыларға шығыстар сметасына және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттар бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыларға тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 14/112 шешіміне 2 қосымша

Жаңаөзен қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2699 болып тіркелген).

      2. 2016 жылғы 16 мамырдағы №2/25 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3057 болып тіркелген).

      3. 2017 жылғы 23 мамырдағы №10/134 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3374 болып тіркелген).

      4. 2018 жылғы 6 тамыздағы №22/282 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3701 болып тіркелген).

      5. 2019 жылғы 23 желтоқсандағы №40/467 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4092 болып тіркелген).

      6. 2020 жылғы 2 сәуірдегі №42/490 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4179 болып тіркелген).

      7. 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №53/578 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 2 сәуірдегі №42/490 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4406 болып тіркелген).

      8. 2021 жылғы 16 сәуірдегі №3/29 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4494 болып тіркелген).

      9. 2021 жылғы 25 қарашадағы №11/90 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының "Жаңаөзен қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №25576 болып тіркелген).

      10. 2022 жылғы 5 мамырдағы №18/148 "Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №28030 болып тіркелген).

      11. 2023 жылғы 21 тамыздағы №6/52 "Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 наурыздағы №37/304 "Жаңаөзен қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4596-12 болып тіркелген).

Об определении размера и Правила оказания жилищной помощи в городе Жанаозен

Решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 28 марта 2024 года № 14/112. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области 5 апреля 2024 года № 4692-12.

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 29.04.2026 № 39/353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях" и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №33763) Жанаозенский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить размер и Правила оказания жилищной помощи в городе Жанаозен согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 29.04.2026 № 39/353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Жанаозенского городского маслихата по перечню, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Жанаозенского
городского маслихата
Г. Байжанов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Государственное учреждение

      "Управление координации занятости и

      социальных программ Мангистауской области"

  Приложение 1 к решению Жанаозенского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 14/112

Размер и правила оказания жилищной помощи в городе Жанаозен

      Сноска. Заголовок приложения 1 – в редакции решения Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 29.04.2026 № 39/353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее - услугополучатель), проживающим в городе Жанаозен, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Жанаозенский городской отдел занятости и социальных программ" (далее - услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя, претендующей на получение жилищной помощи, исчисляется услугодателем, осуществляющим назначение жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила предоставления жилищной помощи).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели.

      Доля предельно допустимых расходов к совокупному доходу малообеспеченной семьи (гражданина) устанавливается в размере 5 (пять) процентов.

      Сноска. Пункт 4 – в редакции решения Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 29.04.2026 № 39/353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в Государственную корпорацию или веб-портал "электронного правительства".

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции решения Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 29.04.2026 № 39/353 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям.

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      9. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2 к решению Жанаозенского городского маслихата от 28 марта 2024 года № 14/112

Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Жанаозенского городского маслихата

      1. Решение от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2699).

      2. Решение от 16 мая 2016 года № 2/25 "О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3057).

      3. Решение от 23 мая 2017 года № 10/134 "О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3374).

      4. Решение от 6 августа 2018 года № 22/282 "О внесении изменений и дополнений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3701).

      5. Решение от 23 декабря 2019 года № 40/467 "О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4092).

      6. Решение от 2 апреля 2020 года № 42/490 "О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4179).

      7. Решение от 23 декабря 2020 года № 53/578 "О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 2 апреля 2020 года №42/490 "О внесении изменения в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4406).

      8. Решение от 16 апреля 2021 года № 3/29 "О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4494).

      9. Решение от 25 ноября 2021 года № 11/90 "О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25576).

      10. Решение от 5 мая 2022 года № 18/148 "О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата Мангистауской области от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28030).

      11. Решение от 21 августа 2023 года № 6/52 "О внесении изменений в решение Жанаозенского городского маслихата от 30 марта 2015 года № 37/304 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Жанаозен" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4596-12).