Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы

Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2024 жылғы 10 маусымдағы № 123 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 18 маусымда № 126-20 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 25.05.2026 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 25.05.2026 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Сәтбаев қалалық мәслихатының "Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2023 жылғы 3 қарашадағы № 71 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 67-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сәтбаев қалалық мәслихатының төрағасы К. Балмагамбетов

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2024 жылғы 10 маусымдағы
№ 123 шешіміне қосымша

Сәтбаев қаласында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 25.05.2026 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен№

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрған тұрғынжайда, Сәтбев қаласында тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын;

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісін уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелді) (бұдан әрі – Қағидалар) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақыны ұлғайту бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы органның жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйді пайдалануға арналған шығыстарды төлеу сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады және отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстарының үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде белгіленеді.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1 тармағына сәйкес есептейді.

      5. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуіне өтеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Тұрғын үй көмегін тағайындау ағымдағы тоқсан ішінде жүргізіледі, бұл ретте аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы және кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді пайдалануға жұмсалған ай сайынғы жарналардың шығыстары алдыңғы тоқсан үшін есепке алынады.

      7. Тұрғын үй көмегін жеткізушілер ұсынған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы шоттар және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау қала бюджетінде тиісті қаржы жылына арналған көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші екінші деңгейдегі банктер арқылы есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына аудару жолымен жүзеге асырады.

Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в городе Сатпаев

Решение Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 10 июня 2024 года № 123. Зарегистрировано в Департаменте юстиции области Ұлытау 18 июня 2024 года № 126-20.

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 25.05.2026 № 281 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях", приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763), Сатпаевский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в городе Сатпаев согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 25.05.2026 № 281 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу решение Сатпаевского городского маслихата "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Сатпаев" от 3 ноября 2023 года № 71 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 67-20).

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Сатпаевского городского маслихата К. Балмагамбетов

  Приложение к решению Сатпаевкого
городского маслихата
от 10 июня 2024 года № 123

Размер и Правила оказания жилищной помощи в городе Сатпаев

      Сноска. Приложение - в редакции решения Сатпаевского городского маслихата области Ұлытау от 25.05.2026 № 281 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в городе Сатпаев, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ города Сатпаев" (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33763) (далее – Правила).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов к совокупному доходу семьи (гражданина) устанавливается в размере 5 (пять) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в соответствии с пунктом 4-1 Правил.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33200).

      6. Назначение жилищной помощи производится в течение текущего квартала, при этом совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) и расходы о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребления коммунальных услуг и услуг связи, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде учитываются за предшествующий квартал.

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете города на соответствующий финансовый год.

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.