Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Т.Рысқұлов ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 56-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 4655 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің № 3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.
2. "Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамсыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Е. Абуталипов |