"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шекаралар белгіленсін:
1) Абай облысының жаңа Жаңасемей ауданының шекарасы жалпы ауданы 2 754 401,0 гектар болып осы бірлескен қаулының және шешімнің 1-қосымшасына сәйкес;
2) Абай облысының жаңа Мақаншы ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 137 466,0 гектар болып осы бірлескен қаулының және шешімнің 2-қосымшасына сәйкес.
2. Шекаралар өзгертілсін:
1) Абай облысы Бесқарағай ауданының шекарасынан Абай облысының жаңа Жаңасемей ауданының шекарасына 3 547,3 гектарды беру арқылы өзгертіліп, шекараның жалпы ауданы 1 137 376,7 гектар болып осы бірлескен қаулының және шешімнің 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
2) Абай облысы Үржар ауданының шекарасынан Абай облысының жаңа Мақаншы ауданының шекарасына 1 137 466,0 гектарды беру арқылы өзгертіліп, шекараның жалпы ауданы 1 203 906,0 гектар болып осы бірлескен қаулының және шешімнің 4-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
3) Абай облысы Семей қаласының шекарасынан Абай облысының жаңа Жаңасемей ауданының шекарасына 2 750 853,7 гектарды беру арқылы өзгертіліп, шекараның жалпы ауданы 29 821,3 гектар болып шекаралары осы бірлескен қаулының және шешімнің 5-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Осы бірлескен Абай облысы әкімдігінің қаулысы және Абай облысы мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Абай облысы әкімі | |
| Н. Уранхаев | |
| Абай облысы мәслихатының төрағасы | |
| К. Сулейменов |
| Абай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 мен Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 14/103-VIII бірлескен қаулысы мен шешіміне қосымша |
Абай облысы Жаңасемей ауданының схемалық картасы

Жаңасемей ауданының шекарасының сипаттамасы
Шекаралар келесідей белгіленген:
солтүстігінде аудан Абай облысының Бесқарағай және Бородулиха аудандарымен шектеседі;
оңтүстігінде аудан Абай, Аягөз және Жарма аудандарымен шектеседі;
шығыс шекарасы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың шекаралары бойынша өтеді;
батыс шекарасы Қарағанды облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың шекаралары бойынша өтеді.
| Абай облысы әкімдігінің бірлескен 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 қаулысына және Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 14/103-VIII шешіміне 2-қосымша |
Абай облысы Мақаншы ауданының схемалық картасы

Мақаншы ауданының шекарасының сипаттамасы
Шекаралар келесідей белгіленген:
солтүстігінде аудан Абай облысының Үржар ауданымен шектеседі;
батыс шекарасы Жетісу облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың шекаралары бойынша өтеді.
| Абай облысы әкімдігінің бірлескен 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 қаулысына және Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 14/103-VIII шешіміне 3-қосымша |
Абай облысы Бесқарағай ауданының схемалық картасы

Бесқарағай ауданының шекарасының сипаттамасы
Шекаралар келесідей белгіленген:
оңтүстігінде аудан Абай облысының Жаңасемей ауданымен шектеседі;
шығысында аудан Абай облысының Бородулиха ауданымен шектеседі;
батыс шекарасы Павлодар облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың шекаралары бойынша өтеді.
| Абай облысы әкімдігінің бірлескен 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 қаулысына және Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 14/103-VIII шешіміне 4-қосымша |
Абай облысы Үржар ауданының схемалық картасы

Үржар ауданының шекарасының сипаттамасы
Шекаралар келесідей белгіленген:
солтүстік-батыста және батыста аудан Абай облысының Аягөз ауданымен шектеседі;
солтүстігінде аудан Абай облысының Ақсуат ауданымен шектеседі;
солтүстік-шығыс шекарасы Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың шекаралары бойынша өтеді;
оңтүстігінде аудан Абай облысы Мақаншы ауданымен шектеседі.
| Абай облысы әкімдігінің бірлескен 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 78 қаулысына және Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 14/103-VIII шешіміне 5-қосымша |
Абай облысы Семей қаласының схемалық картасы

Семей қаласының шекарасының сипаттамасы
Шекаралар келесідей белгіленген:
солтүстігінде қала Абай облысының Бесқарағай ауданымен шектеседі;
оңтүстігінде, батысында және шығысында қала Абай облысының Жаңасемей ауданымен шектеседі.




