Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының "Сандықтау ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 22 мамырдағы № 12/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8756-03 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
4 – тармақтың үшінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр энергиясын тұтыну нормасы айына бір адамға 80 (сексен) киловатт мөлшерінде белгіленді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сандықтау аудандық мәслихатының төрағасы | Г.Мустафина |