"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақмола облысының әкімі | М.Ахметжанов |
| Ақмола облысы әкімдігінің 2024 жылғы 17 қазандағы № А-10/487 қаулысына қосымша |
Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1."Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7376 болып тіркелген).
2."Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № А-8/380 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 болып тіркелген).
3."Ақмола облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың қағидаларын бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № А-9/427 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № А-11/556 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30690 болып тіркелген).