"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 13/139 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14286 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының міндетін атқарушы |
С. Хорошун |