БҰЙЫРАМЫН:
1. "Есеп жүргізудің және мемлекеттік кірістер органына есептілікті ұсынудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 374 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20380 болып тіркелінген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есептілікті ұсыну қағидалары мен мерзімдері, тауарлар мен көлік құралдардың есебін жүргізу, есептілікті ұсыну тәсілі, электрондық құжат түрінде ұсынылатын есептердің құрылымы мен форматы, оларды толтыру тәртібінде:
15-тармағының 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редақцияда жазылсын:
"5-бағанда Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 80 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақ сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауарлар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне сәйкес (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) тауар коды көрсетіледі;".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |