Казталов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Казталов аудандық мәслихатының "2023 жылға арналған Казталов ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қаңтардағы №28-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7110 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімде шешімге қол қоюшы лауазымды тұлғаның атауы "Мәслихат хатшысынан" "Мәслихат төрағасы" сөздеріне ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | С. Мулдашев |