Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ақжайық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
| Ақжайық аудандық маслихат төрағасы | С. Сиражев |
| 2023 жылғы 18 тамыздағы № 5- Шешіміне қосымша |
1. "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6815 болып тіркелген);
2. "Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Ақжайық аудандық мәслихатының 2022 жылғы 19 мамырдағы № 16-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28220 болып тіркелген);
3. "Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақжайық аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 22-4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31092 болып тіркелген);
4. "Ақжайық аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-2 "Ақжайық ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 2 маусымдағы № 4-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7196-07 болып тіркелген).