Қазақстан Республикасының Экология кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақжайық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақжайық аудандық маслихат төрағасы | С. Сиражев |
| Ақжайық аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2-7 шешіміне қосымша |
Ақжайық ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері | Есептік бірлік | Жылдық нормасы 1 есептік бірлікке, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын | 0,91 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,13 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 1,13 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,4 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,22 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,04 |
7 | Ауруханалар, өзгеде емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 2,06 |
8 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,1 |
9 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқа ойын-сауық орындары және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,16 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,18 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,13 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,13 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
14 | Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,8 |
15 | Машиналардан сату | Сауда орнының 1 м2 | 0 |
16 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,9 |