"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Риддер қалалық мәслихатының төрағасы | Е. Нужных |
| Риддер қалалық мәслихатының "06" қыркүйек 2023 жыл № 7/2 - VIII шешіміне қосымша |
1. Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы №20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3084 болып тіркелген).
2. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №30/20-V "Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3649 болып тіркелген).
3. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы №38/7-V "Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4237 болып тіркелген).
4. Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы №30/8-VI "Риддер қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5822 болып тіркелген).