Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |
| Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 қарашадағы № 251 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4836 болып тіркелген).
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 197 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7206 болып тіркелген).
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 275 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7452 болып тіркелген).
4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 "Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29877 болып тіркелген).