Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365 бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сауран ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| С. Байсбаев |
| 2023 жылғы 15 мамырдағы № 9 шешіміне қосымша |
Сауран ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылдық жинақталу нормасы, м3 |
1 |
Жайлы және | 1 тұрғын |
0,74 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 0,41 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,37 |
4 | Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер | 1 орын | 0,30 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,39 |
6 | Емханалар, медициналық орталықтар | 1 келіп кету | 0,17 |
7 | Мектептер және өзге де оқу орындары | 1 оқушы | 0,07 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отыратын орын | 1,23 |
9 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар | 1 отыратын орын | 0,17 |
10 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,09 |
11 | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,07 |
12 | Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,77 |
13 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда алаңы 1 м2 | 0,02 |
14 | Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,04 |
15 | Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,52 |
16 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,49 |
17 | Жағажайлар, жолдардан көше сметалары | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,02 |
18 | Дәріханалар | Сауда алаңы 1 м2 | 0,16 |
19 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС | 1 машина-орын | 0,66 |
20 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,30 |
21 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 0,55 |
22 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,24 |
23 | Моншалар, сауналар | Жалпы алаңы 1 м2 | 0,26 |
24 | Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары | 1000 қатысушы | 0,04 |
25 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 0,67 |