"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27 бабына сәйкес Махамбет ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Махамбет ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) 2018 жылғы 27 ақпандағы № 51 "Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4075 болып тіркелген);
2) 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 214 ""Атырау облысы Махамбет ауданындағы су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 27 ақпандағы № 51 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4757 болып тіркелген).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Махамбет ауданының әкімі | К. Нурлыбаев |