"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы | В. Бубенко |
| Солтүстік Қазақстан облыстық | |
| мәслихатының 2023 жылғы | |
| 18 қазандағы № 7/10 шешіміне | |
| қосымша |
Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4311 болып тіркелген).
2. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 27 қарашадағы № 26/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4997 болып тіркелген).
3. "Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 29 тамыздағы № 15/7 "Солтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 9 тамыздағы № 6/2 шешімі.