Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қыркүйекте № 8402 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30 маусымдағы 2023 жылғы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің,оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының төрағасы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихаттың
2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 105 шешіміне қосымша

Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 28.04.2025 № 428 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді (бұдан әрi – Үлгілік қағидалар) және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – мемлекеттік корпорациясы) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) әлеуметтік көмек – жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрі-ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ, атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

      4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік орган) - әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын, "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      9) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      10) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін қала және тиісті ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      12) шекті мөлшер – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      13) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі.

      3. Осы Қағидалардың 7 тармағының соңғы абзацында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалар Шалқар ауданында тұрақты тіркелген және тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және мерзімді (жылына бір рет) көрсетіледі.

2 тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек бір рет мереке күндеріне табыстарын есепке алмай ақшалай төлем түрінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай:

      - Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - 1272 (бір мың екі жүз жетпіс екі) айлық есептiк көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде;

      - басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне - 90 (тоқсан) АЕК мөлшерiнде;

      - жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлеріне - 90 (тоқсан) АЕК мөлшерiнде;

      - Заңның күші қолданылатын басқа да адамдарға, осы Қағидалардың 6-тармағының 1) тармақшасының 6 абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;

      - 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға - 90 (тоқсан) АЕК мөлшерiнде;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – бұрынғы КСР Одағы) ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;

      - 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;

      - қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушыларының екінші рет некеге тұрмаған жұбайына (зайыбына) - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;

      - Ауғанстанда әскери қызметiн өткергеннен кейін қайтыс болған әскери қызметшiлердің ата-аналарына және екінші рет некеге тұрмаған жұбайына - 39 (отыз тоғыз) АЕК мөлшерiнде;

      2) 30 тамыз- Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай:

      осы тармақшаның соңғы абзацында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектігі бар адамдарға - 13 (он үш) АЕК мөлшерінде;

      - жеті жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, жеті жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға - 26 (жиырма алты) АЕК мөлшерінде;

      3) 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай:

      Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысып, "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған адамдарға - 60 (алпыс) АЕК мөлшерiнде.

      Азаматтардың жекелеген санаттарының әр түрлі мереке күндеріне (санатына қарай) әлеуметтік көмекке құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі (көлемі бойынша үлкені) көрсетіледі.

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіз болып табылады:

      1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      6) жасының егде тартуына байланысты өзіне – өзі күтім жасай алмауы;

      7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы.

      Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келген болса, әлеуметтік көмек залал келген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

      8. Азаматтың (отбасының) табысын есептемегенде әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі бойынша, осындай жағдай туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей – 100 (жүз) АЕК мөлшерінде.

      9. Әлеуметтік көмек жылына бір рет азаматтың (отбасының) өтініш берген сәттің алдындағы тоқсанда Ақтөбе облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып көрсетіледі:

      1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-108/2020 "Әлеуметтік мәні бар аурулардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21263 болып тіркелген) бекітілген тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуметтік мәні бар аурулардың бірінен зардап шегетін тұлғаларға - 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Тізбе бойынша әлеуметтік көмек бір тұлғаға бір ауруы бойынша жылына бір рет көрсетіледі.

      2) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған, диспансерлік есепте тұрған балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне - 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      3) көп балалы отбасыларға (тұлғаларға), аз қамтылған азаматтарға – 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      4) осы Қағидалардың 7 тармағының 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетілген мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек - 30 (отыз) АЕК мөлшерінде көрсетіледі.

      10. Әлеуметтік көмек көрсету үшін отбасының орташа табысы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) сәйкес есептеледі.

      Отбасының құрамы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық кірісін есептеу Қағидаларының 10-тармағына сәйкес белгіленеді.

      Отбасының жан басына шаққандағы орташа кірісін есептеу кезеңіндегі (өткен тоқсан) отбасының жиынтық кірісі көрсетілген кезеңдегі айлардың санына (үш ай) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен есептеледі.

      11. Бір мезгілде әлеуметтік көмектің бірнеше түрін алуға құқығы бар отбасыға (тұлғаларға) әлеуметтік көмектің бір түрі тағайындалады. Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.

      12. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      13. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың санаттарын ЖАО айқындайды.

      Әлеуметтік көмекті алушылардың тізімдері мемлекеттік корпорацияға не өзге ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

      14. Осы Қағидалардың 7 – тармағында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167 - бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) жергілікті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне немесе мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтінішпен немесе үлгілік Қағидаларға 1-1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрдегі өтінішпен жүгінеді.

      15. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібі мен мерзімдері, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту, тоқтату, қайтару және төлем жасау негіздері Үлгілік қағидалардың 3-тарауына сәйкес айқындалады.

      16. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Шалқар ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      17. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      18. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Шалқар аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 105 шешіміне 2 қосымша

Шалқар аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7650 тіркелген) шешімі;

      2) Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі № 277 "Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29430 тіркелген) шешімі;

      3) Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 желтоқсандағы № 327 "Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31108 тіркелген) шешімі;

      4) Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 65 "Шалқар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 565 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматттардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8357 тіркелген) шешімі.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе

Решение Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 15 сентября 2023 года № 105. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 20 сентября 2023 года № 8402.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", Шалкарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Шалкарского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Шалкарского
районного маслихата
С. Бигеев

  Приложение к решению
Шалкарского районного
маслихата от 15 сентября 2023
года № 105

Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе

      Сноска. Правила – в редакции решения Шалкарского районного маслихата Актюбинской области от 28.04.2025 № 428 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе (далее – Правила) разработаны в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2023 года № 523 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" (далее – Типовые правила) и определяют порядок оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.

      2. Основные термины и понятия, которые используются в настоящих Правилах:

      1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;

      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Шалкарского района Актюбинской области, по рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан;

      3) социальная помощь - помощь, предоставляемая местными исполнительными органами (далее – МИО) в денежной или натуральной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели), а также к праздничным дням и памятным датам;

      4) уполномоченный орган по оказанию социальной помощи (далее – уполномоченный государственный орган) – государственное учреждение "Шалкарский районный отдел занятости и социальных программ", осуществляющий оказание социальной помощи;

      5) уполномоченная организация по выплате социальной помощи – банки второго уровня, организации, имеющие лицензии уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций на соответствующие виды банковских операций, территориальные подразделения акционерного общества "Казпочта";

      6) прожиточный минимум – минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины;

      7) среднедушевой доход – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;

      8) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;

      9) праздничные даты (далее – памятные даты) – профессиональные и иные праздники Республики Казахстан;

      10) уполномоченный государственный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере социальной защиты населения в соответствии с законодательством Республики Казахстан, регулирование, контрольные функции за деятельностью Государственного фонда социального страхования;

      11) участковая комиссия – специальная комиссия, создаваемая решением акимов города и соответствующих сельских округов для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за адресной социальной помощью;

      12) предельный размер - утвержденный максимальный размер социальной помощи;

      13) веб-портал "электронное правительство" (далее – портал) – объект информатизации, представляющий собой "единое окно" доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, государственным и иным услугам, оказываемым в электронной форме.

      3. Данные Правила распространяются на лиц, постоянно зарегистрированных и проживающих в Шалкарском районе, за исключением случаев, указанных в последнем абзаце пункта 7 Настоящих Правил.

      4. Меры социальной поддержки, предусмотренные пунктом 4 статьей 71, пунктом 3 статьи 170, пунктом 3 статьи 229 Социального кодекса, подпунктом 2) пункта 1 статьи 10, подпунктом 2) пункта 1 статьи 11, подпунктом 2) пункта 1 статьи 12, подпунктом 2) статьи 13, статьей 17 Закона Республики Казахстан "О ветеранах" (далее – Закон), оказываются в порядке, определенном настоящими Правилами.

      5. Социальная помощь предоставляется единовременно и периодически (один раз в год).

Глава 2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи и установления размеров социальной помощи

      6. Единовременная социальная помощь к праздничным дням оказывается без учета дохода в виде денежных выплат следующим категориям граждан:

      1) ко Дню Победы - 9 мая:

      - ветеранам Великой Отечественной войны в размере - 1272 (одна тысяча двести семьдесят два) месячных расчетных показателей (далее - МРП);

      - ветеранам боевых действий на территории других государств в размере - 90 (девяносто) МРП;

      - ветеранам, приравненным по льготам к ветеранам Великой Отечественной войны в размере - 90 (девяносто) МРП;

      - другим лицам, на которых распространяется действие Закона, за исключением лиц, указанных в абзаце 6 подпункта 1) пункта 6 настоящих правил в размере - 39 (тридцать девять) МРП;

      - лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированные (самостоятельно выехавшие) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутриутробном состоянии в размере - 90 (девяносто) МРП;

      - лицам, награжденным орденами и медалями бывшего Союза Советских Социалистических Республик (далее – бывшего Союза ССР) за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере - 39 (тридцать девять) МРП;

      - лицам, проработавшим (прослужившим) не менее шести месяцев с 22 июня 1941 года по 9 мая 1945 года и не награжденные орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны в размере - 39 (тридцать девять) МРП;

      - супруге (супругу) умерших участников Великой Отечественной войны, которые не вступали в повторный брак в размере - 39 (тридцать девять) МРП;

      - родителям и супруге, не вступившей в повторный брак, военнослужащих, умерших после прохождения воинской службы в Афганистане в размере - 39 (тридцать девять) МРП;

      2) ко Дню Конституции Республики Казахстан - 30 августа:

      - лицам с инвалидностью, получающим государственные социальные пособия по инвалидности, за исключением лиц, указанных в последнем абзаце настоящего подпункта в размере - 13 (тринадцать) МРП;

      - детям с инвалидностью до семи лет, детям с инвалидностью с семи до восемнадцати лет в размере - 26 (двадцать шесть) МРП;

      3) ко Дню Независимости - 16 декабря:

      лицам, принимавшим участие в событиях 17-18 декабря 1986 года в Казахстане, реабилитированным в порядке, установленном Законом Республики Казахстан "О реабилитации жертв массовых политических репрессий" в размере - 60 (шестьдесят) МРП.

      При наличии права у отдельных категории граждан на получение социальной помощи (в соответствии статуса) в разные праздничные дни оказывается один вид социальной помощи (более высокий по размеру).

      7. Основаниями для отнесения граждан к категории нуждающихся являются:

      1) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие стихийного бедствия;

      2) причинение ущерба гражданину (семье) либо его имуществу вследствие пожара;

      3) наличие социально значимого заболевания;

      4) наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога, установленного местными представительными органами, в кратном отношении к прожиточному минимуму;

      5) сиротство, отсутствие родительского попечения;

      6) неспособность к самообслуживанию в связи с преклонным возрастом;

      7) освобождение из мест лишения свободы, нахождение на учете службы пробации.

      При причинении ущерба имуществу вследствие стихийного бедствия или пожара социальная помощь оказывается по месту нахождения пострадавшего имущества независимо от места регистрации его собственника.

      8. Социальная помощь один раз в год без учета дохода гражданина (семьи) оказывается:

      1) гражданам (семьям) в связи с причинением ущерба им либо его имуществу вследствие стихийного бедствия не позднее шести месяцев с момента наступления такой ситуации в размере - 100 (сто) МРП;

      2) гражданам (семьям) в связи с причинением ущерба им либо его имуществу вследствие пожара не позднее шести месяцев с момента наступления такой ситуации в размере - 100 (сто) МРП.

      9. Социальная помощь один раз в год с учетом среднедушевого дохода гражданина (семьи) не превышающего однократного размера прожиточного минимума по Актюбинской области за предшествовавший на момент обращения квартал оказывается:

      1) лицам, страдающим одним из социально значимых заболеваний согласно Перечня социально значимых заболеваний, утвержденного Приказом Министра здравоохранения Республики Казахстан от 23 сентября 2020 года № ҚР ДСМ-108/2020 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 21263) (далее – Перечень) в размере - 30 (тридцать) МРП;

      Социальная помощь по Перечню оказывается одному лицу по одному заболеванию один раз в год.

      2) родителям или законным представителям детей, инфицированным вирусом иммунодефицита человека, состоящим на диспансерном учете в размере - 30 (тридцать) МРП;

      3) многодетным семьям (лицам), малообеспеченным гражданам в размере - 30 (тридцать) МРП;

      4) социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан, указанных в подпунктах 5), 6), 7) пункта 7 настоящих Правил оказывается в размере - 30 (тридцать) МРП.

      10. Среднедушевой доход семьи для оказания социальной помощи исчисляется на основании приказа Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 26 мая 2023 года № 181 "Об утверждении Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 32609).

      Состав семьи определяется в соответствии с пунктом 10 Правил исчисления совокупного дохода лица (семьи), претендующего на получение государственной адресной социальной помощи.

      Среднедушевой доход семьи рассчитывается путем деления совокупного дохода семьи за расчетный период (предыдущий квартал) на количество месяцев в указанном периоде (три месяца) и число членов семьи.

      11. Семье (лицам), имеющим право на одновременное получение нескольких видов социальной помощи, назначается один вид социальной помощи. Социальная помощь оказывается указанным лицам, если они не находятся на полном государственном обеспечении.

      12. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи.

Глава 3. Порядок оказания социальной помощи

      13. Социальная помощь к праздничным дням и памятным датам оказывается без истребования заявлений от получателей.

      Категории получателей социальной помощи определяются МИО.

      Списки получателей социальной помощи формируются на основании запроса в Государственную корпорацию либо иные организации, либо в электронном виде из информационных систем уполномоченного государственного органа.

      14. Для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан по основаниям, указанных в пункте 7 Настоящих Правил заявитель от себя или от имени семьи (или представитель по доверенности, выданной в соответствии со статьей 167 Гражданского кодекса Республики Казахстан) обращается письменно в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи или к акиму поселка, села, сельского округа, или в Государственную корпорацию с заявлением по форме согласно приложению 1 к Типовым правилам, или электронно на портал с заявлением по форме согласно приложению 1-1 к Типовым правилам.

      15. Порядок и сроки оказания социальной помощи, основания для отказа, прекращения, возврата и выплата социальной помощи определяются Главой 3 Типовых правил.

      16. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных бюджетом Шалкарского района на текущий финансовый год.

      17. Излишне выплаченные суммы социальной помощи подлежат возврату в добровольном порядке, неправомерно полученные суммы подлежат возврату в добровольном или в судебном порядке.

      18. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган по оказанию социальной помощи с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".

  Приложение 2 к решению Шалкарского районного маслихата от 15 сентября 2023 года № 105

Перечень признаваемых утратившими силу некоторых решений Шалкарского районного маслихата

      1) решение Шалкарского районного маслихата от 2 ноября 2020 года № 565 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правогвых актов № 7650);

      2) решение Шалкарского районного маслихата от 1 сентября 2022 года № 277 " О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 2 ноября 2020 года № 565 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правогвых актов № 29430);

      3) решение Шалкарского районного маслихата от 7 декабря 2022 года № 327 " О внесении изменений в решение Шалкарского районного маслихата от 2 ноября 2020 года № 565 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правогвых актов № 31108);

      4) решение Шалкарского районного маслихата от 26 мая 2023 года № 65 " О внесении изменения в решение Шалкарского районного маслихата от 2 ноября 2020 года № 565 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Шалкарском районе"" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правогвых актов № 8357).