1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 803 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29879 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет министрлігінің қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығында:
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Әділет объектісінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі іс –шараларды өткізуді қамтамасыз ететін адам (адамдар) Әділет объектісінің терроризмге қарсы қорғалуы паспортын (бұдан әрі - паспорт) әзірлейді.
Паспорт "Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32950 болып тіркелген) бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортына (бұдан әрі – үлгілік паспорт) сәйкес бір мезгілде электрондық нұсқаны әзірлей отырып, екі данада әзірленеді.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Жұмылдыру және азаматтық қорғаныс басқармасы (дербес басқарма құқығында) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Министрлікте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің Аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. |
А. Муканова |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасыны
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі