ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 8-1-тармағының бесінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің м.а. 05.03.2024 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің төрағасы
2023 жылғы "___" _________
| Қазақстан Республикасы | |
| Премьер-Министрінің орынбасары | |
| – Қаржы министрінің | |
| 2023 жылғы 25 мамырдағы | |
| № 538 бұйрығымен | |
| бекітілген |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өтуі үшін төлемақы мөлшерлері
Ескерту. Мөлшерлері жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 19.09.2025 № 513 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
р/с № | Автомобиль көлігінің түрі | 1 (бір) көлік құралы үшін төлемақы мөлшері, АЕК* |
1 | Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесінде брондау күні мен уақытына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар | 1 |
2 | Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, ершікті тартқыштар Мемлекеттік шекара арқылы өткені үшін Қазақстан Республикасының кезектен тыс тәртіппен** | 1 |
3 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жеделдетілген тәртіппен** өткені үшін жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері, ершікті тартқыштар | 100 |
4 | Жүк автомобильдері, оның ішінде тіркемелері бар, қайталама брондау** кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу үшін ершікті тартқыштар | 100 |
5 | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын өткізу бойынша ЭКЖ-да броньды пайдаланғаны үшін кепілдікті қамсыздандыру (жарна) | 20 |
* АЕК – "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен тиісті жылға белгіленетін айлық есептік көрсеткіш.
** - кезектен тыс, жеделдетілген және қайталама броньдау тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, өткізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32911 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.