ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген - ҚР Қаржы министрінің 06.10.2025 № 573 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-1-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешімнің нысаны;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешімнің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 Бұйрыққа 1-қосымша |
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 29.02.2024 № 116 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактураларды жазып берілуін шектеу туралы және мұндай шектеуді жою туралы шешімдерді шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 120-1-бабының 2 және 4-тармақтарына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – МКО) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) электронды нысанда шот-фактуралардың (бұдан әрі – ЭШФ) жазып берілуін шектеу (бұдан әрі – Шектеулер туралы шешім) және осындай шектеуді жою туралы шешімдерді (бұдан әрі – Шектеуді жою туралы шешім) шығару тәртібін айқындайды.
2. ЭШФ "Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде шот-фактураны электронды нысанда жазып беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі № 370 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18583 болып тіркелген) сәйкес жазып беріледі.
2-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім шығару тәртібі
3. Шектеу туралы шешімді Салық кодексінің 96-бабында белгіленген тәртіппен, бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) белгіленген мерзімде орындалмаған және (немесе) орындалмады деп танылған күннен кейінгі күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа бекітілген 2-қосымша бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанында салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жердегі МКО шығарады.
3-тарау. Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот-фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім шығару тәртібі
4. Шектеуді жою туралы шешімді Хабарлама орындалған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген нысан бойынша ЭШФ АЖ электронды нысанда салық төлеушінің тіркеу есебінде тұрған жері бойынша МКО шығарады.
5. Шектеу туралы шешім және шектеуді жою туралы шешім, шешім қабылданған күннен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдердің бірімен:
1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
2) электрондық тәсілмен "электрондық үкімет" веб-порталындағы веб-қосымшаға және (немесе) пайдаланушының жеке кабинетіне және (немесе) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесіне;
3) салық төлеушіге қол қойғызып жіберіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 Бұйрыққа 2-қосымша нысан |
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы шешім
20___жылғы "____"_________ №___
_______________________________________________
(МКО атауы)
__________________________________________________________________
___________________________________________________________ тұлғасында
(МКО басшының немесе басшы уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық
кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 120-1-бабына сәйкес (қажетті
мәлімет толтырылады):
МКО камералдық бақылау нәтижелері бойынша тәуекел дәрежесі жоғары деп
анықталған, "__"______ 20__ жылы табыс етілген (алынған), "__"________ 20__
жылғы № _________ бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның
орындалмауына байланысты;
немесе орындалмаған деп тану туралы 20__ жылғы "__" ________ № ______
шешімге байланысты:
ШЕШІМ:
салық төлеушінің электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде
электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуі шектелсін.
___________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, мекенжайы, (ЖСН/БСН)
____________________________ ___________________
____________________________ ___________________
(басшысының (уәкілетті адамның) мемлекеттік кірістер
қолы) органының мөрі
Шешімді алдым:
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің немесе салық төлеушінің лауазымды адамының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қоспағанда))
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
МКО – мемлекеттік кірістер органы.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 15 наурыздағы № 279 Бұйрыққа 3-қосымша нысан |
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда шот- фактуралардың жазып берілуін шектеуді жою туралы шешім
20__жылғы "___"_________ №___
__________________________________________________________________
(МКО атауы)
____________________________________________________________________
___________________________________________________________ тұлғасында
(МКО басшының немесе басшы уәкілеттік берген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 120-1-бабына сәйкес:
Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда
шот-фактуралардың жазып берілуін шектеу туралы 20__ жылғы "__"________
№ _______ шешім шығарылған, тәуекел дәрежесі жоғары бұзушылықтар
бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған
бұзушылықтарды жою туралы 20__ жылғы "__"________ № _______
хабарламаның орындалуына байланысты,
ШЕШІМ:
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) атауы, мекенжайы,
____________________________________________________________________
(ЖСН/БСН)
электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде электронды нысанда
шот-фактуралардың жазып беруін шектеу жойылсын.
____________________________ ___________________
(басшысының (уәкілетті адамның) мемлекеттік кірістер
қолы органының мөрі
Шешімді алдым:
____________________________________________________________________
(салық төлеушінің немесе салық төлеушінің лауазымды адамының тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған кезде), қолы, күні, мөрі (жеке кәсіпкерлік субъектілерін
қоспағанда))
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
МКО – мемлекеттік кірістер органы.